Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бірінші кезең: 2020 – 2025 жылдар) бекіту туралы

«Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 390 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
(бірінші кезең: 2020 – 2025 жылдар) (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін. Іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне мен ұйымдар (келісу бойынша):

1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;

2) жарты жылда бір рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың
10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жылына екі рет, 25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі А. Мамин

Дата публикации
16 февраля 2021