Атбасар ауданы әкімінің ӨКІМІ

Атбасар қ. №5 05.02.2021 жыл

2021 жылғы ақпанда
Атбасар ауданы әкімінің есеп
беру кездесуінде халықпен
айтылған ұсыныстар мен
ескертулерді іске асыру бойынша
іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Атбасар ауданы әкімінің есеп беру кездесуін өткізу қорытындылары туралы халықтың ақпараттылығын арттыру, ескертпелер мен ұсыныстарды іске асыру мақсатында, Атбасар ауданының әкімі:

2021 жылғы 3 ақпанда Атбасар ауданы әкімінің есеп беру кездесуінде халықпен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша қоса беріліп отырған іс-шаралар жоспары бекітілсін (бұдан әрі іс-шаралар Жоспары). Жоғарыда көрсетілген Іс-шаралар жоспары аудандық «Простор Atbasar» газетінде жариялансын. Атбасар ауданы әкімінің орынбасарлары, Атбасар қаласының әкімі, ауыл және ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары Іс-шаралар жоспарын орындауды жүзеге асырсын. Осы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е. А.Виншуге жүктелсін. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі А.Қалжанов

Атбасар ауданы әкімінің
2021 жылғы 05 ақпандағы
№ 5 өкіміне қосымша

2021 жылғы ақпанда Атбасар ауданы әкімінің есеп беру кездесуінде халықпен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

№ Айтылған ұсыныстар мен ескертулер Орындау мерзімдері және ескертулерді/ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жауаптылар Ескерту
1. Шуйское ауылындағы су құбыры желілері мен құрылыстарын қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды аяқтау 2021 жылғы 1 тамызға дейінШуйское ауылындағы су құбыры желілері мен құрылыстарын қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды аяқтау К. Ғ. Әлімжанов – Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,С. Т. Каранағаев – «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы,Ә. Қ. Тоқжұманова – Макеевка ауылдық округінің әкімі  
2. Сочинское ауылындағы бірінші кезеңдегі су құбыры желілерінің құрылысын бастау және Бейса Хазирет ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңартуды жүргізу. 2021 жылғы 1 қазанға дейінБейса Хазирет ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту және Сочинское ауылындағы су құбыры желілерінің бірінші кезеңін салу К. Ғ. Әлімжанов – Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,С. Т. Қаранағаев – «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы,С.А.Валитова – Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі  
3. Бастау ауылында көше жарығын электрмен жабдықтау желісін салу қажет 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейінБастау ауылында көше жарығын электрмен жабдықтау желісін салу К. Ғ. Әлімжанов – Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,С. Т. Қаранағаев – «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы,А.Кайыржан – Бастау ауылдық округінің әкімі  
4. Атбасар қаласында көшені жарықтандыру сапасын жақсарту 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін«Олимп» ДСК-нан Н.Нұрсейітов көшесіне дейін М.Әуезов, Майқұтов, Жеңіс көшелерін және № 1 ш / а жарықтандыру құрылысы. К. Ғ. Әлімжанов – Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,С. Т. Қаранағаев – «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы  
5. «ТКШ жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде қасбеті мен шатырын ағымдағы жөндеуді талап ететін көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын үй қорының жай-күйін жақсарту» 2021 жылғы 1 қарашаға дейінАғыбай батыр көшесі 57, Ш. Уәлиханов көшесі 14 бойынша 2 бес қабатты тұрғын үйдің және Ағыбай батыр көшесі, 53 «а» бойынша 1 төрт қабатты тұрғын үйдің қасбеттерін ағымдағы жөндеу К. Ғ. Әлімжанов – Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Ә. С. Қайыржан- «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы,М. С. Асқаров. – Атбасар қаласының әкімі  
6 «Болашақ» ш / а көп пәтерлі тұрғын үйлерде үздіксіз температуралық режимді қамтамасыз ету 2021 жылғы 15 қазанға дейінИТК қазандығын қайта құру К. Ғ. Әлімжанов – Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Ә. С. Қайыржан- «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы  
7 Атбасар қаласының көше-жол желісін орташа жөндеуді жалғастыру 2021 жылғы 1 қазанға дейінАтбасар қаласының көше-жол желісін орташа жөндеу К. Ғ. Әлімжанов – Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,М. С. Асқаров. – Атбасар қаласының әкіміӘ. С. Қайыржан- «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы,  
8 Магдалиновка, Хрящевка, Родионовка, Калиновка ауылдарындағы ауыз судың сапасын жақсарту 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейінМагдалиновка, Хрящевка, Родионовка, Калиновка ауылдарында су құбыры желілері мен құрылыстарын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу К. Ғ. Әлімжанов – Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,С. Т. Қаранағаев – «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы,Е. В. Старченко - Ярославка ауылдық округінің әкімі  
Дата публикации
05 февраля 2021