БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 қаңтарындағы негiзгi көрсеткiштерi
2021 жылдың 1 қаңтарында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,9 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптастырылды. Жыл бойы, яғни 01.01.2020 жылдан бастап 01.01.2021 жылға дейiн сома 2,1 трлн теңгеге немесе 20% көбейдi.
Зейнетақы жинақтарының негiзгi сомасы мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен жинақталып, оның мөлшерi 12,6 трлн теңге (2020 жылдың басынан бергi өсiм — 19%) болды. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 315,3 млрд теңгеге (өсiм 28%), ал ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге (өсiм 12%) жеттi.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi кезең iшiнде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,2 трлн теңге таза инвестициялық табыс есептелдi. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 578,1 млрд теңгеге (өсiм 90%) артық. Инвестициялық табыстың бұл жолы да зейнетақы жарналарының сомасынан асып түскенiн атап өткен жөн.
2020 жылдың басынан берi салымшылардың шоттарына жалпы көлемi 1,1 трлн теңге зейнетақы жарналары аударылды, ол 2019 жылғы көрсеткiштен 94,8 млрд теңгеге немесе 10% асып түстi. Жарналардың жалпы көлемiнiң 95,6 пайызын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша аударылған 1,04 трлн теңге мөлшерiндегi түсiмдер (өсiм 10%) құрайды. 46,9 млрд теңгенiң аударымы МКЗЖ бойынша (өсiм 8%) жасалса, 539 миллион теңге ЕЗЖ бойынша (өсiм 51%) аударылған.
БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2021 жылдың 1 қаңтарында 11,6 миллион бiрлiктi (жыл басынан бергi өсiм 10% ) құрады. Шоттардың басым бөлiгi мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны — 10 981 218 (өсiм — 11%). Одан кейiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптастырылған шоттар — 528 283 (өсiм — 4%). БЖЗҚ-дағы ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша ашылған шоттардың саны қазiр 57 645 бiрлiк (өсiм — 6%).
Төлемдер 193,4 млрд теңгенi құрады. Оның басым бөлiгi, атап айтқанда 35% жасы бойынша төлемдер (67,7 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (46,3 млрд теңге), Қазақстан Республикасынан тыс ТТЖ кету (36,8 млрд теңге), мұрагерлерге (36,5 млрд теңге), жерлеуге (4,4 млрд теңге) , мүгедектiк бойынша (1,7 млрд теңге) берiлген төлемдер.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).