2021 жылғы 19 қаңтардағы№ 7С 2/2
Атбасар аудандық мәслихатының
2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7С 2/2
шешіміне 1 қосымша
Атбасар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Атбасар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1) Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, орталық алаң;
2) Атбасар қаласы, Жеңіс көшесі, Жеңіс скверінің алаңы.
Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруттары:
1) Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесіндегі орталық алаңнан Ақан Құрманов атындағы көшесінің қиылысына дейін, әрі қарай Ақан Құрманов атындағы көшесі мен С.Сейфуллин көшесі бойымен Жеңіс скверіне дейін;
2) Атбасар қаласы, Ақан Құрманов атындағы және Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысынан Ш.Уәлиханов көшесі бойымен орталық алаңға дейін.
Атбасар аудандық мәслихатының
2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7С 2/2
шешіміне 2 қосымша
Атбасар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Атбасар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады. Атбасар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
1) Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, орталық алаң, шекті толу нормасы 200 адам;
2) Атбасар қаласы, Жеңіс көшесі, Жеңіс скверінің алаңы, шекті толу нормасы 200 адам;
3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруттары:
Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесіндегі орталық алаңнан Ақан Құрманов атындағы көшесінің қиылысына дейін, әрі қарай Ақан Құрманов атындағы көшесі мен С.Сейфуллин көшесі бойымен Жеңіс скверіне дейін, шекті толу нормасы 200 адам;
Атбасар қаласы, Ақан Құрманов атындағы және Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысынан Ш.Уәлиханов көшесі бойымен орталық алаңға дейін, шекті толу нормасы 100 адам.
Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
Атбасар аудандық мәслихатының
2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7С 2/2
шешіміне 3 қосымша
Атбасар ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Атбасар ауданында Заңның 9-бабының 5-тармағында көрсетілген объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекараларынан 200 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 21.01.2021
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 8333 болып енгізілді
Результаты согласования
Атбасарский районный маслихат - Руководитель отдела Кайрат Жомартович Каппасов, 20.01.2021 14:29:16, положительный результат проверки ЭЦП
Атбасарский районный маслихат - Секретарь Атбасарского районного маслихата Бирлик Толегенович Комбатуров, 20.01.2021 14:30:26, положительный результат проверки ЭЦП
Атбасарский районный маслихат - Председатель сессии Атбасарского районного маслихата Сауле Копбаевна Аксеитова, 20.01.2021 14:32:05, положительный результат проверки ЭЦП
Республиканское государственное учреждение «Департамент юстиции Акмолинской области Министерства юстиции Республики Казахстан» - Руководитель РГУ «Департамент юстиции Акмолинской области МЮ РК» Болат Омиржанович Муханов, 21.01.2021 13:42:27, положительный результат проверки ЭЦП