Құрметті есепті кездесудің қатысушылары, сіздерді өткізген жұмыс туралы ақпарат беруге және ауыл тұрғындарының проблемаларын шешуіне арналған перспектикалық негізгі бағытындарын анықтауға рұқсат етіңіздер.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына " Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі " жолдауында қиындықтарды шешуге нақты жоспар құрып, еліміздің азаматтарының әлеуметтік өмірлерін жақсарту үшін Қазақстанның алдынғы дамуының негізгі бағыт анықтады.
Жолдауы еліміздің алдыңғы жаңғыртуына негізгі басты ынталандырмасы болып, әр қазақстандықтың әрекеттер түрткісі болды. Біздің еліміздің жаңа әлемнің көшбасшыларының қатарына кіруіне барлық мүмкіндік пен шарттары бар. Сол үшін мемлекет басшысымен алдымызда қойылған міндеттерін шешуге тиіспіз .
Әкім аппаратының барлық жұмысы Қазақстан Республикасының Президентімен қойылған міндеттерін жүзеге асыруна бағытталған.
Қазақстандық қоғамының бір бөлігі бола отырып Полтавка ауылдық округінің тұрғындары ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында өз үлестерін қосты.
Әлеуметтік – демографиялық ахуал
Ауыл округінің аумағында 2020 жылында 832 адам өмір сүреді, 14 ұлт өкілі тұрып жатыр , байырғы халқының 63 адамы – 7,57 пайызы , орыстар – 215 – 25,84 пайызы, белорустар - 54 – 6,49 пайызы, немістер - 131 – 15,75 пайызы, украиндер - 270 – 32,45 пайызы , шешендер – 78 – 9,38 пайызы , татарлар – 7 - 0,84 пайызы және басқа ұлттар өкілері – 14 - 2 пайызы . Округте 287 үй мен жалпы саны 256 отбасы өмір сүреді, 2020 жылы бойынша 14 бала туып, 6 адам көз жұмды. Еңбекке жарамды тұрғындардың саны – 442 адамды құрайды.
Мемлекеттік бағдарламалар
Округте «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жүзеге асырылуда.
2020 жылында екінші бағыт бойынша оқытуды өтіп ЖК ашқан Помилко Р.В.
Аудандық, жергілікті бюджетті жүзеге асыру
Атбасар ауданының Полтавка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы кіріс және шығыстары жөніндегі ақпарат.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында 2020 жылғы 1 қаңтар айына – 0 мың теңге, 2020 жылғы 1 қаңтарына кірісі - 2550,0 мың теңге.
Соның ішінен 2020 жылғы 29 желтоқсан айына жергілікті өзін –өзі басқару есебінен 1150,1 мың теңге жұмсалған, оның ішінде : Полтавка ауылының көше жарықтығына 1150,1 мың теңге. 2020 жылғы 29 желтоқсан күніне ақшалай қаражаттың қалдығы – 1400,0 мың теңге.
Қалған ақшалай қаражат Полтавка ауылының көше жарықтығын және электр тіреулерді жалға алуына төлеуге , Полтавка ауылдық округінің көріктендіруіне , жоспарланады.
Әкім аппаратының жұмысы
2020 жылы– 14 өтініш келіп түсті: соның ішінде жеке тұлғалардан – 14, заңды тұлғалардан келіп түскен - 0 . Жеке қабылдауда – 14 адам болды.
Қарастырылып қанағаттандырылды - 14, оның ішінде 14 адам жеке қабылдауда түсініктемелер алды.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 13
Egov арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 74.
Нотариалдық әрекеттер жасалды – 38.
Округтің аумағында сот алдындағы дауларды алдын –ала шешу бойынша Билер кеңесі және 5 кәсіби емес медиатор жұмыс істейді - 4 дау шешілді.
Би кеңесі жұмыс істейді.
«Нұр-отан» бастапқы партия ұйымы
Ақмола облысының Атбасар аумақтық филиалының «Полтавка-2» ЖШС бастапқы «НҰР-ОТАН» партиясының ұйымы жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеуде жұмыстар жүргізуде. Бастапқы партия ұйымы 54 адамнан тұрады, олар барлық бағдарламалық құжаттар мен мемлекет басшысының жоспарларын іске асыруда алдыңғы қатарда келеді. Партия ұйымының мүшелерімен барлық әлеуметтік салаларда белсенді жұмыстар жүргізілуде. Есеп беру мерзімінде «НҰР-ОТАН» атынан сегіз мәдени-бұқаралықіс-шаралар өткізілді.
Тапсырмаларды орындау
Тапсырмаларды орындау - басты міндет болып табылады. Есеп беру мерзімінде маңызды сұрақтар бойынша 6 жиналыс өткізілді, аудан әкімінің қатысуымен – 1 жиналыс өткізілді. Жергілікті қоғамдастықтың активімен 4 кездесу өткізілді.
Полтавка мен Титовка ауылдырындағы жиналыс кезінде ойылған сұрақтар мен өтініштер:
Көктемгі су тасқының кезінде Жабай өзенінің жағалауында орналасқан үйлерді су тасқынынан сақтап қалу үшін қандай шаралар өткізілуде?
(Ақмола облысының тұрғын мекендерін 2020 жылғы көктемгі су тасқынынан инженерлік қорғау іс шаралар жоспары бойынша Полтавка ауылдық округінде жазғы кезеңінде Полтавка , Титовка ауылдырының ішінен өтетін барлық жарлар мен дюкерлер тазартылды , өзен ағысы да тазартылды ,үйлердің опырылуы өткізілді)
Жиналыста берілген барлық тапсырмалар орындалды. Округ тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық активінің тілектері мен сұрақтары бойынша барлық қойылған міндеттерді орындау бойынша жұмыс жүргізілуде
Әскери міндеттілік заңнамасын орындау:
Полтавка ауыл округі бойынша әскери есепте 163 адам тұр. 2020 жылы медициналық комиссиядан 6 адам өтті. Әскери билетті 14 адам алды. Әсери есептен шыққан - 8. Әскери міндеттен бас тартқандар жоқ. 2 адам әскери міндетіне түсті.
Запастың сапалық құрамы:
офицерлер - 2
сержанттар- 7
сарбаздар - 156
Әлеуметтік қорғау
2020 жылғы 1 желтоқсан күніне ауыл округінде есепте - зейнетақы мен жәрдемақы алатын - 154 адам бар, оның 120 - зейнеткер, 28 - мүгедек, 6 – көпбалалы жанұя, 11 - батыр аналар, 3 жеке басты кәриялар.
Әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Зейнеткердің үйіне жарық өткізу үшін көмек көрсетілген. Атаулы әлеуметтік көмек алатындарғы, көп балалы отбасыларына , қорғаншылықта бала бар отбасыларына түтін датчиктері орантылған. Үйде оқытылатын баланың отбасына жеке компьютер берілген. Қыс кезінде волонтерлер жеке басты тұратын қарияларға үй жанындағы аумақты қардан тазалуға көмектесті. 2020 жылғы 3 маусыда әкіи шешімімен әйелдер мен балалардың құқықтарын, отбасы мәселелерін жедел дең қою тобы құрастырылды. Қарттар үйлерінде тұратын қарияларға да көмек көрсетілді.
| Әлеуметтік көмек түрлері | Адам саны | сомасы |
| АӘК берілді | 1 | 34,3 |
| Онкология бойынша материалдық көмек төленді | 4 | 162,9 |
| Туберкулезбен ауратындарға төлеген | 4 | 162,9 |
| Аз қамтылған отбасыларының студенттеріне көмек берілді. | - | - |
| Мерекелік күндер үшін төленген | 4 | 120,0 |
| Протездік-ортопедиялық көмек алды | 1 | |
| Барлығы | 14 | 480,10 |
| «Полтавка - 2 »ЖШС көрсетілген әлеуметтік көмегі | |||
| № | Іс шара | Көрсетілген көмек | Сомасы |
| 1 | 9 мамыр | Тыл жұмысшаларын | 180 590 тенге |
| 2 | 1 маусым | Сыйлықтар | 450190 тенге |
| 3 | 1 қазан | Азық түлік жиынтықтары | 706 500 тенге |
| Қарттар үйінде тұратындарға азық түлік жиынтықтары | 23 000 тенге | ||
| 4 | Полтавка орта мектебіне көмек | Технология кабинетіне алынған құрал саймандар | 160130 тенге |
| 5 | Жазылу компаниясы | Полтавка, Титовка ауыл кітапханаларына газет журналдар | 94 382 тенге |
| 6 | Стедунттерге көтек | Күндізгі оқитындарға – 50% , сырттай оқитындарға - 30% | 6 859 000 тенге |
| 7 | Балалар мен зейнеткерлерге жаңа жылдық сыйлықтары | сыйлықтар | 455 000 тенге |
Білім
Ауыл округінің аумағында бір орта мектеп және бір бастауыш мектебі орналасқан. 2020 жылы «»Полтавка - 2 ЖШС жасалған меморандум бойынша өртке қарсы жүйесінің жөндеуі өткізілді – 588 000 тенге. Полтавка орта мектебінде Egov бұрысы жұмыс істеуде.
Полтавка орта мектебінде 123 оқушы оқиды, соның ішінде мектепке дейінгі дайындықпен 16 бала қамтылған.
Педагогикалық кадрлар
Ұстаздардың барлығы - 26
Жоғары білімдісі- 20
арнайы орта білім - 6
Санаттар бойынша:
Жоғарғы санат - 4
1- санаттағы - 4
2- санаттағы - 8
Санаты жоқ – 8
Төлемақы жылдық қорын 45557,4 мың теңге құрайды. 1 оқушыға шығыс қоры - 357,8 мың теңге.
«Атбасар ауданының білім бөлімінің Полтавка орта мектебі» КММ ұжымы 2020 жылы облыстық байқауының отбасылық қарым қатынастың ең жақсы клубы дипломымен мараптатталды, «Кәсіптер автобусы» облыстық байқаауының 2 орын иегері.
ҰБТ нәтижелері
| жылы | Оқушылардың барлығы | тапсырғандар | Мектеп бойынша орташа бал | Аудан бойынша орташа бал |
| 2016 | 2 | 1 | 61 | 61 |
| 2017 | 6 | 1 | 67 | 86 |
| 2018 | 8 | 3 | 60 | 60 |
| 2019 | 8 | 2 | 53.5 | |
| 2020 | 5 | 1 | 80 |
Оқу орындарына түсулері
| Оқу жылы | ҰБТ қатысқандар | ЖОО | колледж | грант |
| 2015-2016 | 2 | 1 | 5 | - |
| 2016-2017 | 1 | 1 | 4 | - |
| 2017-2018 | 3 | 5 | 9 | 5 |
| 2018-2019 | 2 | - | 7 | 5 |
| 2019-2020 | 1 | 2 | 3 | 1 |
Мектепте 7 үйірме, 5 спорттық секциясы жұмыс істейді- 67 бала қатысады. .
Ақысыз ыстық тамақтандыруы ұйымдастырылған, жазғы мерзімде мектеп жанындағы алаңша жұмыс істейді.
Полтавка орта мектебінің жанында шағын-орталық жұмыс істейді, оған 18 мектеп жасына дейінгі 3 мен 5 жасқа дейінгі бала қатысады. Төрт мерзімдік ыстық тамақтануы, күндізгі демалысы ұйымдастырылған. Қызмет көрсету штатына 7 адам кіреді.
2019-2020 оқу жылында Полтавка ауылына Титовка ауылынан 12 оқушыны тасымалдау ұйымдастырылған.
Титовка бастауыш мектебінде 1-3 сынып аралығында - 15 оқушы оқиды, соның ішінде мектепке дейінгі дайындықпен 4 бала қамтылған. 1 шағырмашылық үйірме «ІТ сынып» бағдарламалау үйірмесі жұмыс істейді.
Педагогикалық кадрлар
Ұстаздардың барлығы – 3, жоғары білімді -3, арнаулы орта білімді - 3
Санаттары бойынша:
1- санаттағы - 1
2- санаттағы - 1
Санатсыздары - 1
Денсаулық сақтау
2018 жылғы 34 миллион 5000 мың теңгеге капиталды жөндеуден өткен Полтавка дәрігерлік амбулаториясы және Титовка медициналық пункті жұмыс істейді. ДА-нда қабылдау, дәрігер алдыңғы ,емшара, егу кабинеті, баланың даму кабинеті, акушерлік пен 3 орынға күндізгі стационар кабинеттері жұмыс істейді. Ғимаратың мен пеш жағу бөлімінің видеобақылауы жүргізіледі. 2019 жылғы қаңтар айынан дәріханасы да жұмыс істейді.
Ауыл округінде денсаулық сақтау қызметі жүзеге асырылады.
Штатта 3 медициналық қызметкер, және 1 санитарка бар. Жедел жәржем көлігі бар
Полтавка ДА –нда қабылдау жүргізілді –2145 адамға, үйде – 969 адам емделді, 11 жүкті әйел есепке алынды.Скрининг зерттеу БСК 74 адам, анықталғаны – 3 адам.
Титовка ауылда медициналық қабылдауды Титовка медициналық пнкті жүргізеді. Штантында 1 медициналық қызметкері . Титовка медициналық пунктінде қабылдау жүргізілді–589 адамға, үйде – 37 адам емделді . 1 жүкті әйел есепке алынды. Скрининг зерттеу БСК - 20 адам , анықталғаны - 1 адам.
Жыл сайынғы флюрозерттеуден Полтавка а. - 489 адам және Титовка а. - 74 адам өтті. Флюрожағымды - 7 адам. Тубнауқас қазіргі уақытта 3 адам. Барлығы адам туб. диспансерінде қаралуда. Амбулаториялық емделуінде - 2 адам . Бруцелез ауруна – 5 адам ның нәтижелері көрсетті .
Мәдениет
Мәдениет мекемелерінен ауыл округінің аумағында 268 орындық ауылдық Мәдениет үйі қызмет көрсетуде, ол «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК балансында тұр. Ғимараты типтік, 1990 жылы салынған, жалпы көлемі 1500 шаршы метр. Титовка ауылындағы клуб пен қызметкері «Полтавка - 2» балансында . Титовка а. клуб 120 орынға арналған. Мәдениет нысандарына жылу берілген.
| Ауыл | Өткізілген іс-шаралар саны | Келушілер саны | Соның ішінде балалар үшін | Келушілер саны | Соның ішінде жастар үшін | соның ішінде ақылы шаралар | Келушілер саны |
| Полтавка | 46 | 585 | 8 | 82 | 18 | 20 | 125 |
| 125Титовка | 63 | 935 | 18 | 141 | 33 | 433 | - |
Мәдениеттің нағыз ошағы болып кітапхана саналады. Полтавка ауыл округінде екі мемлекеттік және бір мектептік кітапхана бар.
Кітапхана қызметкерлері маңызды мерекелік іс-шаралар өткізуде көмек көрсетеді.
| Полтавка кітапханасы | Титовка кітапханасы |
| Кітапханаға жылына 580 оқырман барады, жылына 6050 адам қабылдайды және 12200 кітап беріледі. Кітап қоры - 24459 дана . өткзілген шаралар саны - 62 | Кітапханаға жылына 100 оқырман келеді, жылына1300 адам қабылдайды және 2250 кітап берілді.Кітап қоры – 7982 дана . өткзілген шаралар саны - 51 |
Кітапхана мектеп пен клубпен бірлесіп барлық мемлекеттік мерекелерге іс-шаралар өткізеді және кітап пен тақырыптық көрмелер ресімдеп, балалар кітап аптасына іс-шаралар өткізеді. Сонымен бірге 0 сынып оқушыларына кітапханалық саяхат сабақтарын өткізеді. Кітапхана жанында «Көңілді сұрақтар», «Кітап ғаламшары» клубтары жұмыс істейді.
Кітапханада тақырыптық сөрелер де безендірілген: «2020 волонтер жылы жылы - жастар жылы», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары » , «Әл Фарибиге 1150 жыл » , «Абай Құнанбаеқа 175 жыл », «Ұлы даланың фольклорына 1000 жыл» , «ҰОС Жеңісіне 75 жыл » , «Атбасар қаласына 175 жыл », «Алтын Ордаға 750 жыл» , «Қазақ Хандығына 555 жыл», «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Ата Заңына 25 жыл» . Кітапханада Қазақстан Республикасының рәміздері мен Президент Жолдауына арналған стендтер безендірілген.
Учаскелік инспектордың жұмысы
2020 жылы әӘкішілік хаттамалар жасалды – 46.
Айыппұл саны – 145 782 тенге
АЕПМ (арнайы емдеу профилактикалық мекемесіне) жіберілді – 1 адам - 6 айға. Анықталды бастамалық – 5 қылмыс – 5 ашылды Профилактикалық есепке қойылды – 3 адам. Өткізілді - 12 рейдтік іс-шара. Учаскелік инспектормен Полтавка орта мектебінде 2 дәріс өткізілген.
Түнгі уақытта «Полтавка-2» ЖШС мамандары, мекемелер мен ұйымдардың басшыларының көмегімен кесте бойынша кезекшілік жүргізіледі.
Денешынықтыру тәрбиесі
Полтавка ауыл округінің аумағындағы спорт нысандары: орта мектеп ғимаратындағы бір спорт залы, баскетбол алаңы, хоккей корты, гимнастикалық таушық, 2 воллейболдық алаңы .
Ауыл жастарына арналған спорт секцияларындағы жаттығуларды спорт әдіскері – Павленко Александр Иванович өткізеді. 3 спорт секциясы кестеге сәйкес қызмет етеді, оларға 69 адам қатысады. Спорт-бұқаралық шаралары барлық мерекелерде өткізіледі. Ауыл тұрғындары мындай спорт түрлеріне белсенді қатысады: волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика, амреслинг, арқан тарту. Волонтер жылында Шахгиреев М. Қазақстан Республикасының аралас күрес бойынша чемпионы Жекпе жек үлттық күрес түрлері бойынша Полтавка жастары арасында тегін үйірме өткізді .
Ветеринарлық қызмет
Полтавка ауыл округінің аумағында «Полтавка - 2» ЖШС әкімшілік ғимаратында ветеринарлық пункт орналасқан . Үй-жайы нормативтік талаптарға сәйкес: жеке кіреберісі, жылуы бар. Жабдықталған, штатында1 адам.«Нива»автомашинасы алынған.
Полтавка ауыл округінің ветеринарлық дәрігері эпизодтық жағдайды сақтау үшін шаралар өткізді:
Зерттеу шаралары - ІҚМ бруцеллезі бойынша - 3784 бас , КҚМ - 350 бас , шошқалар –45 бас . Туберкулез - ІҚМ – 2500 бас , шошқалар – 1000 мал , жағымдары анықталған жоқ. Алдын ала шаралар: құтыру ауруы - ІҚМ - 1000 бас , КҚМ – 25 бас , жылқылар - 100 бас , иттер - 30 бас , мысықтар - 15 бас; сібірлік оба - ІҚМ - 2000 бас , КҚМ – 1400 бас , жылқылар - 500 бас ,шошқалар - 1000 бас , эхинококкоз - иттер - 100 бас , ІҚМ ЭМКАР – 1500 бас , Жылқылар САП - 100 бас , Жылқылардың ринопневмониясы - 125 бас, ІҚМ Модуляртік дерматиті - 1500 бас , Жылқылардың МЫТ - 100 бас.
165 анықтама берілген, 1 форма бойынша (ет ) – 115 , 50 анықтама - 2 форма бойынша (тірі мал ). Ветеринарлық дәрігер жылқыларға чип салуы бйоынша түсіндерме жұмысын жүргізді. Сонымен бірге иесіз иттермен жұмыс жүргізілуде .
Абаттандыру
Атбасар ауданының әкімімен бекітілген іс-шаралар жоспары басшылыққа алынып абаттандыру іс-шараларын тиімді жүргізу үшін Полтавка ауыл округінің әкімімен абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазарту жөнінде комиссия құрылған болатын. Қоғамдық жұмыстарына -8 адам алынды .
Айлық өткізу барысында екі механикаландырылған бригада ұйымдастырылды, оның құрамына 3 техника бірлігі ( кун, трактор тіркемелерімен, 1 ГАЗ-53 автомашиналары) енгізілді. Әлеуметтік қамтамасыз ету нысандарынан (мектеп, АМҮ,ФАП ж.б.), өндірістік нысандардан (әкімшілік ғимараттардан, ШТФ, СТФ, автопарктен, кулинариядан, кафеден ж.б.) 17,5 тонна күл мен қоқыс шығарылды, жеке аулалардан 0,003 тонна қатты тұрмыстық қоқыстар мен көңдер. Шығаруы «Полтавка-2» ЖШС күшімен келісімді бағамен ұйымдастырылды.
5 тазалық бейсенбілер мен 5 сенбіліктерді өткізуге белсенді қатысқандар әлеуметтік саланың қызметкерлері – мұғалімдер, оқушылар, қызметшілер. Ауыл көшелері өндірістік және әлеуметтік нысандарына бекітілген. Сенбіліктер мен таза бейсенбіліктерге қатысушылардың саны 90 адам.
Полтавка ауылының орталығында 1500 шаршы метр аумақ жиналды.
0,075 погондық метр тал күшеттері кесілді, 90 ағаш ақталды. «Қайғылы ана»ескерткішінің аумағы абаттандырылды, ауыл округінде бейбітшілік уақытында тұрып жатқан жауынгерлерге арналағн «Естелік плитасы» абаттандырылды.
Полтавка және Титовка ауылдарының тұрғындары дәстүр бойынша аула аумақтарын жинады – 256 . Титовка ауылында әлеуметтік нысандарының жанында бақтағы орындықтары орнатылған. Ауыл клубында пандус та орнатылған. «Полтавка - 2» ЖШС пен «Мария» ШҚ күшімен балалар ойын алаңы салынды. Полтавка мен Титовка аулдарында 286 көше аншлагтары орнатылды. Көше жарынқтары орнатылды - 36 дана- сомасы - 1 150,1 мың теңге , сонымен бірге 21 кше шамдары ауыстырылды (Абай , Тәуелсіздік көшелері)
Апта сайын «Кювет» акциясы өткізілді, оған 8 адам және 2 техника бірлігі қатысты. Акция барысында Көкшетау-Атбасар трассасы бойы 6 км Полтавка ауылының жол жаны жағалауы тазартылды, 3 км Титовка ауылының жол жаны жағалауы тазартылды. 2 кузов қоқыс шығарылды (бөтелкелер,пластикалық тары, пакеттер, тұрмыстық қоқыс).
Полтавка ауылындағы аялдамасы ақталып , жөндеуден өткізілді . 500 метр қоршаулар жөнделді. «Полтавка-2» ЖШС мен «Мария» ҚШ күштерімен Жабай өзені арқылы өткел қалпына келтірілді, бұл жұмыстар жыл сайын су тасқынынан кейін жүргізіледі. Округ бойынша бейнебақылау орнатылды – 67 дана (ДА - 3, Полтавка ом - 14, ЖШС – 46, дүкендер - 4, Титовка мектебі - 1)
Айлық қорытындылары бойынша қорытындылар жасалды, жүргізілген жұмыс қанағаттанарлық деп танылды.
Көлік пен байланыс
Ауыл округі мен аудандық орталық арасындағы автобус жолаушылар қатынасы күн сайын Көкшетау-Атбасар автобусымен, жеке автобуспен Паз - 3205307 – Моор Э.Э. жүзеге асырылады. Автобустың іші қосалқы құрылғымен жылынтады.
АТС 225 нөмірге қосылған оның 255 іске қосылған. Полтавка а. - 196, Титовка а. - 29 . АТС қызмет көрсетумен шебер Янчак А.Ч. айналысады. Ауыл округі бойынша 24 Отау ТД орнатылған.
Пошта бөлімшесі күн сайын сағ. 9-00ден13.00-ге дейін жұмыс істейді. Пошта аптасына 3 рет жеткізіледі. Почта байланысы бөлімшесінде 2 қызметкер жұмыс істейді. Поштада телефон орнатылған.
Ауыл шаруашылығы
Полтавка ауылдық округінің аумағы – 24 327 га, олардың ішінен ауыл шаруашылығына арналған - 19 828 га, егіс – 14 717 га, жайылым – 4960 га, шабындық – 151 га, дәнді дақылдардың егіс алаңы – 13491,бидай - 11 483 га, арпа – 2008 га, жеке меншікте көкөністер өсіріледі - 1,02 га , картоп - 47,49 га.
Полтавка ауылдық округінің– жұмыстың негізгі бағыты өсімдік өсіру. 1 ЖШС пен 7 ШҚ тіркелген.
Жердің 13 009 га цифрлендірілді : «Полтавка - 2 » ЖШС егіс жерлері, «Жеңіс» ШҚ - 147 га, «МАрия» ШҚ – 422 га, «СЫздыков Б.У.» - 62 га, «Суюнши» ШҚ - 108 га , «Ражапов Р.Х» - 21 га, «Нан» ШҚ - 252 га , «Биккерт Г.Г. » ШҚ - 288 га (100пайыз)
Өндірістің диверсификациясын тек қана «Полтавка - 2 » ЖШС мен «МАрия» ШҚ жүргізеді. Басқалары тек бір ғана өсімдікпен жұмыс істейді (бидай немесе арпа).. орта өнімділігі – 14,2 ц/г, «Полтавка-2» - 14,4, ШК -11,7, бидай - орта -14,1 ц/га, «Полтавка-2» бидай – 14,3ц/га, ШК -11,7 ц/га, , арпа - 14,4 ц/га. Жалпы астық жинау - орта - 19 107 тонна, «Полтавка -2» - 17888 тонна, ШК – 1219 тона. Жалпы айтқанда өткен жылмен салыстырғанда бидай мен арпаның өнімділігі өсті.
Шөп - ЖШС – 1282 т, жеке меншікте - 2 412 тонна. Бағасы - 10 000 теңге ( әлеуметтік бағасы - 50%), сабын – 2201 тонна ,бағасы 3000 тенге, бидай - бағасы – 92 000, арпа – 3252 тонна, бағасы 18 000 , дерт - 19 500 за тонну , қалдықтар - 15 000 тенге тоннаға .
Мал саны
Мал өсіру өндірісінде :
| атауы | ІҚМ | Қой, ешкі | шошқа | жылқы | құс | |||||||
| Сиырлар | ||||||||||||
| 1 января 2020 | 1 января 2021 | 1 января 2020 | 1 января 2021 | 1 января 2020 | 1 января 2021 | 1 января 2020 | 1 января 2021 | 1 января 2020 | 1 января 2021 | 1 января 2020 | 1 января 2021 | |
| ЖШС | 665 | 257 | 220 | 27 | - | - | 798 | 1144 | 194 | 177 | - | - |
| ШҚ | 87 | 74 | 54 | 35 | 45 | 0 | - | - | 7 | 9 | - | - |
| Жеке меншік | 1377 | 1040 | 800 | 598 | 410 | 451 | 988 | 1087 | 248 | 273 | 6614 | 7275 |
| Барлығы | 1978 | 2129 | 971 | 1074 | 470 | 455 | 1896 | 1786 | 412 | 452 | 6013 | 6614 |
«Полтавка - 2» ЖШС субсидидан кейін өсіру алаңдарына герефорд тұқымынан 66 бас өткізді.Тұқымдық түрлендіру - 100% .Мал Полтавка ауылында орналасқан Рожновский құбырынан әкеленетін сумен су арылады.
Өндірістік инфроқұрылым
Қазіргі кезде ауылдық округінің аумағында 16 салық беруші объектілері тіркелген ( 6 дүкен , 7 мал өсіруші, 1 сұлулық салоны , 1 жолаушылар тасымалдау,1 ағаш өнжіру ЖК ) , 2 өз жұмысын ауқытша тоқтатқан (2 мал өсірушілер)соңғы 3 жылдың ішінде Бастау бизнесс бағдарламасы бойынша 3 ЖК ашылды: барлығы – мал өсіру (2019 жылы 1 ЖК – Титовка ауылы ). 2020 жылы Полтавка ауылында 2 ЖК ашылды - сұлулық салоны және аңаш өндіру.
Апта сайын арнайы комиссия (құрамында әкім аппаратының 2 бас мамандары, ветеринарлық дәрігер, учаскелік инспекторы) 6 дүкендерді аралап 19 әлеуметтік өнімдерінің бағаларын бақылайды (бағалары бір қалыпты). «Полтавка-2» ЖШС шығарылған нанның бағасы - 70 теңге, салмағы 1 кг, шығарында 750 грамм болып шығады.
«Полтавка-2» ЖШС
«Полтавка-2» ЖШС 2004 жылы құрылған . Директоры – Белобров Николай Федорович. Егіс аумағы – 18 406 га. Жұмысшылар саны – 240 человек.
«Полтавка - 2» ЖШС –нде ауыл өнімдерін шығаратын өндіріс орындары: наубайхана, диірмен , мал сою цехы ,май шығару цехы, бидай өнімдерін шығаратын цехы. . 2019 жылдың 11 айы бойынша наубайхана 87282 нан шығарды , бағасы 70 теңге.
Диірмені ұнның - 779,04 центнер шағарды , жалпы бағасы на сумму 5564571 (зейнеткерлерге 50 % жеңілдік беріледі). Ұсату цехы дерттің - 15672 ц шығарып ,бағасы - 27286071 тенге (зейнеткерлерге 50 % жеңілдік беріледі).
Қымыздың - 2033 литр шығарылды, бағасы - 700 тенге, сомасы - 1270625 т.. Май шығару цехы өсімдік майының – 2880 литр өндеді, бағасы - 350 тенге, сомасы 900 000 тенге . Мал сою цехы 6673 кг шошқа етін шығарып, бағасы 750 тенге., сомасы - 5 247 321 тенге, сиыр еті - 3406, бағасы - 800 тенге, сомасы - 3 110 536 тенге, балдың 229,1 килограмм шығарылды , бағасы - 1600 тенге, сомасы - 321 149 тенге, кептірілген ет -600 тенге - 1 кг - 433,6 кг , сомасы - 232 286 тенге. . Сонымен өндіріс саласында ғы өндіріс орындары - 100 % жұмыс істейді. .
Полтавка ауылдық округінің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша қойылған міндеттерін орындалуы
«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру - 1 адам оқытудан өтіп, 2 ЖК ашылды; Ауыл ішіндегі жолдарының жөндеуі – 8,1 км, сметалық құжаттары
дайын, тапсырыс беруші - «Полтавка-2» ЖШС;
Полтавка орта мектебінің ағымдағы жөндеуі , ЖСҚ дайын - сараптамада, тапсырыс беруші «Полтавка-2» ЖШС ; Абай және Тәуельсіздік көшелеріне (жалғасуы) көше жарығы орнатылды - самасы - 1 150,1 мың теңге .
Полтавка ауылдық округінің
2021 жылына әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша қойылған міндеттері
Ауыл ішіндегі жолдарының жөндеуі – 8,1 км, сметалық құжаттары
дайын, тапсырыс беруші - «Полтавка-2» ЖШС;
Полтавка орта мектебінің ағымдағы жөндеуі , ЖСҚ дайын - сараптамада, тапсырыс беруші «Полтавка-2» ЖШС ; Полтавка ауылында көше жарықтарын орнату - самасы - 1млн 400 мың теңге . Полтавка ауылының көше жарақтарын орнату үшін ЖСҚ дайындау
2020 жылдың нәтижесін қорытындай келе, абыроймен көптеген қиындықтарға төзіп, мемлекет Елбасының қойған негізгі мақсаттарға жеттік де батыл айта аламыз.