«Атбасар қаласының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер туралы» Атбасар қаласының әкімі М.С.Асқаровтың есебі

Құрметтi жерлестер!

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi «Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегi әкiмдер үшiн халық алдында есеп беру дәстүрге айналды. Айта кету керек, мұндай жыл сайынғы кездесулер тек атқарылған жұмыс туралы есеп қана емес. Бұл курсты салыстырудың бiр түрi, өткендi түсiну уақыты, әрi қарайғы қызмет жоспарларын анықтау уақыты.

Қала әкiмiнiң аппаратында жыл сайын жұмыс жоспары құрылады, ол iргелес жатқан ғимараттарды, аумақтарды күтiп ұстау, қасбеттердi жөндеу және жаңарту, ҚТҚ жинау үшiн контейнерлiк алаңдарды орнату, рұқсат етiлмеген қоқыс тастайтын жерлердi жою, көше жол желiсiн жөндеу, қаланы көгалдандыру, жарықтандыру, абаттандыру бойынша халықпен және барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдар басшыларымен жұмысты қамтиды.

Қаланы абаттандыру бойынша iс-шараларды өткiзу үшiн 2020 жылы жергiлiктi бюджеттен 34 млн.503 мың теңге сомасында, санитарлық тазалауға 8 млн. теңге, жолдар мен тротуарларды орташа жөндеуге 1 млрд. 074 млн. теңге, ағымдағы шұңқырларды жөндеуге 38 млн.500 мың теңге, көше жарығын ұстауға 16 млн.463,2 мың теңге сомасында қаражат бөлiндi, оның iшiнде электр энергиясынын шығыстары 7 млн. 063,9 мың. тенге.

Абаттандыру

Қаланы абаттандыруға 34 млн. 503 мың теңге бөлiндi, келесi жұмыс түрлерi жүргiзiлдi:

- көшелердi қоқыстан тазалау, ҚТҚ полигонына шығару «Пейко» ЖШС-мен шарт жасалды, қоқысты жинау бойынша жұмыстар жыл бойы 3 млн.200 мың теңгеге жүргiзiлдi.

- ағаштардың дiң бөлiктерiн қырқу және кесу, «Пейко» ЖШС-мен шарт жасалды. 898.6 мың теңге сомасына орталық көшелер мен қала тұрғындарының өтiнiмдерi бойынша 300 ағаш сиретiлдi.

- автобус аялдамаларын 2020 жылдың көктем-жаз кезеңiнде ақтау және сырлау. Шарт «Шайхиев» ЖК — мен 500 мың теңгеге жасалды.

- балалар ойын алаңын жөндеу және орталық алаңнан Островский көшесiне көшiру жүргiзiлдi, шарт «Орымбаев» ЖК-мен 535,7 мың теңгеге жасалды.

- қаланың орталық көшелерiнде гүлзарларда шөп шабу және қыша жұлу, «Пейко» ЖК-мен 2 млн.600 мың теңгеге шарт жасалды.

- 3500 ш.м. алаңда гүлзарларды және 2000 ш. м. алаңда гүлзарларды отырғызу, ұстау және қызмет көрсету, 4 млн. 550 мың теңге сомасына «Белимова» ЖК-мен шарт жасалды.

- 1 185 дана қылқан жапырақты ағаштарды күтiп-баптау және суару жүргiзiледi, «Шайхиева» ЖК шарт жасалды, 971,5 мың теңге сомасына ағаштарды байлау, шұңқырларды қопсыту, суару және құрғақ шыршаларды жинау бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.

- «Алғашқы тың игерушiлерге» ескерткiш пен «Атбасар» стелласына шағын сәулет нысандарын жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, «TehenergoGrup» ЖК-мен 350 мың теңгеге шарт жасалды.

- «Жеңiс» скверiнде ҰОС қатысушылары ескерткiшiнiң мемориалдық құрылысына жөндеу жүргiзiлдi, 7 млн.985,8 мың теңге сомасына «Обряд» ЖШС-мен шарт жасалды.

- Темiржолшылар саябағына ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi (жоқ қоршауды, көшенi жарықтандыруды орнату және т.б.), «Пейко» ЖК-мен 8 млн. теңге сомасына шарт жасалды.

- Ағыбай батыр көшесi, Перевалочная көшесi, сквер «Молодежи», Матросов көшесi бойынша «Жеңiс» саябағында бейнебақылау камералары орнатылды, «SunkarSekurity» ЖК-мен 1 млн.093 мың теңгеге шарт жасалды.

- бейнекамераларды орнатуға және қызмет көрсетуге «Смағұлов» ЖК-мен 1 млн.500 мың теңге сомасына шарт жасалды.

- ЖБК кентi тұрғындарының өтiнiшi бойынша арық арқылы өтетiн көпiр бөлшектелiп, қалпына келтiрiлдi, «Пейко» ЖК-мен 1 млн. 063,7 мың теңгеге шарт жасалды.

- балалар алаңдарының элементтерi, орындықтар мен 20 қоқыс жәшiктерi дайындалды, олар келесi Майкөтов 63, Матросов 56, Әуезов 57, 1-ш/а, Строительная, Островский, Ағыбай батыр 65 мекенжайлары бойынша орнатылды, шарт «Асығатов» ЖК-мен 3 млн.658,1 мың теңгеге жасалды.

- 7 контейнерлiк алаң және автобус павильондары дайындалды, олар Атбасар-2, Мир к-сi, 1-ш/а, Матросов, Островский, Қошанбаев к-сi бойынша орнатылды, 2 млн.120 мың тг сомасына «Обряд» ЖШС-мен шарт жасалды.

-Нұрсейiтов, М.Мәметова, Ағыбай батыр, Б. Момышұлы, С. Сейфуллин, 1-шағын аудан, Қазақстан, К.Әмiрова, М.Әуезов, Х.Қошанбаев, Абай Құнанбаев көшелерi бойынша аншлагтар жасалып, ауыстырылды, орнату шарты «Пейко» ЖК-мен, «Ааб» ЖК-мен дайындауға жалпы сомасы 1 млн. 719,5 мың теңгеге жасалды.

- қар қалашығын ресiмдеуге «Пейко» ЖК-мен жалпы сомасы 1 млн.302 мың теңгеге шарт жасалды.

2021 жылға арналған жоспарлар.

МИБ (мүлiк иелерiнiң бiрлестiгi) тiркелген барлық көппәтерлi үйлерге өтiнiмдердiң түсуiне қарай жергiлiктi бюджет есебiнен қасбеттер мен шатырларға жөндеу жүргiзу жоспарлануда.

Санитарлық тазалау

Санитарлық тазалауға 8 млн. теңге бөлiнiп, жұмыстар жүргiзiлдi:

- Атбасар қ. бойынша жалпы ауданы 6900 текше метр сайларды қоқыстан тазалаумен 1 млн.690 мың теңгеге «Пейко» ЖК шарт жасалды.

- апатты қоқыс үйiндiлерiн (контейнерлердiң жанында) шығару, «МЖД Атбасар коммуналдық қызметтер сервисi» ЖШС-мен шарт жасалды, жұмыстар 2 млн.440, 8 мың теңге сомасына шартқа сәйкес жүргiзiлуде.

- бұзылған саяжайларды шығару бойынша жұмыстар жүргiзiлдi, «МЖД Атбасар коммуналдық қызметтер сервисi» ЖШС-мен 1 млн 100 мың теңге сомасына шарт жасалды.

- қала бойынша апатты қоқыс орындарын шығару бойынша жұмыстар жүргiзiлдi, «Пейко» ЖК-мен 2 млн.449 мың теңгеге шарт жасалды.

2021 жылға арналған жоспарлар.

ЕЦ-166/4 мекемесiнiң артындағы тар табанды желi маңындағы стихиялық қоқыс орнын шығару жоспарлануда.

Қаланың жолдары мен тротуарларын күтiп ұстау

2019 жылы 24 көше бойынша қаланың көше-жол желiсiн және жалпы ұзындығы 32,8 км.қолданыстағы тротуарларды жөндеумен орталық алаңды орташа жөндеуге сметалық құжаттама әзiрлендi. Конкурс қаланың 17 көшесi мен орталық алаңына 10 лот бойынша өткiзiлдi, конкурс жеңiмпазы «Көкше Агро Инвест» ЖШС танылды, 2 лот бойынша (7 көше: Қазақстан, Набережная, Ә.Молдағұлова, Перевалочная, Жеңiс, Сейфуллин, Құрманов) конкурс өткiзiлмедi.

Жолдар мен тротуарларға орташа жөндеу жұмыстарын жүргiзуге 937 млн. 565,4 мың теңге бөлiндi. оның iшiнде:

- ЖҚЖК бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен-37 млн. 608,4 мың теңге. Л. Белаш к-сi;

- облыстық бюджеттен -600 млн. тг. несие 12 көшенi: Островский, Қошанбаев, Ирченко, Қошқарбаев, Привокзальный тұйық көшесi, Майкөтов, О.Шмидта, Нұрсейiтов, Әуезов, Қанай би, Қуанышев, Ағыбай батыр және орталық алаңды жөндеу.

- аудандық бюджеттен-213 млн.578,7 мың тг. 4 көшенi: Ш.Уәлиханов, I.Есенберлин, Урицкий, Мұқышев жөндеуге бөлiндi.

- «Строй потенциал» ЖШС техникалық қадағалау қызметi 7 млн.649 999,7 т.

Облыстық бюджеттен тротуарларды орташа жөндеуге 86 млн.307 мың 653,4 теңге қаржы бөлiндi, жөндеу жұмыстары А.Құрманов, Әуезов, Ағыбай батыр, С.Сейфуллин, Л.Белаш көшелерi бойынша жүргiзiлдi, «Көкшеагроинвест» ЖШС-мен келiсiм шарт жасалды. Озерная көшесi (№5 ОМ жанында) «КазАрмСтрой» ЖШС-мен шарт жасалды. Жұмыстар Шартқа сәйкес 2020 жылғы мамырда басталып, мерзiмiнде аяқталды.

Жергiлiктi бюджеттен 38,5 млн. тг. Перевалочная, Набережная, Казахстанская, А.Құрманов, Веденеев көшелерi, Машинистер кентi (ТЖ паркiнiң жанында, шiркеуге кiреберiс), Л. Белаш және «Молодежи» скверiнiң жанында, Әуезов, К.Әмiрова, Өндiрiс, Жеңiс көшелерi бойынша жолдарды ағымдағы жөндеуге бөлiндi. Конкурсқа сәйкес «Искандерян» ЖК шарт жасалды. Жұмыстар Шартқа сәйкес 2020 жылғы мамырдан басталып, мерзiмiнде аяқталды.

2020 жылға жолдарды қысқы және жазғы ұстауға «Пейко» ЖК-мен 19 млн.881,6 мың теңге сомасына шарт жасалды.

Қаланың орталық көшелерiне жол белгiлерiн салу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi, «Ястремский» ЖК-мен 1 млн.170 мың теңгеге шарт жасалды.

Қала бойынша Есенберлин, Ирченко, Л.Белаш, Ағыбай батыр, Әуезов, Майкөтов, Привокзальный переулок, Қошанбаев көшелерi бойынша 21 жылдамдық бәсеңдеткiш орналастырылды, шарт «STI company» ЖШС-мен 7 млн. 946,6 мың теңге сомасына жасалды.

Қаланың екiншi дәрежелi көшелерiн толтыру үшiн инерттi материал сатып алынды, Қошанбаев, Буденный, Матросов, Урицкий көшелерi, саяжай қоғамының өтiнiшiне сәйкес саяжайларға баратын жолдар, Әуезов, Железнодорожная, Перевалочная көшелерi төселдi, «KSS» ЖШС-мен 9 млн.392,4 мың теңгеге шарт жасалды.

2021 жылға арналған жоспарлар.

Әуезов, К.Әмiрова, Л.Белаш, Буденный, Қошанбаев, Веденеев, Жеңiс, Сейфуллин, Мир, М. Мәметова, Ә.Молдағұлова, Электростанционная, Өндiрiс, Қазақстан, Перевалочная, Набережная, Островский, Ағыбай батыр, Фрунзе, Матросов, Ирченко көшелерi бойынша көше жол желiсiн орташа жөндеуге сметалық құжаттама әзiрлендi, 2021 жылға облыстық бюджеттен 200 млн. теңге сомасында ақшалай қаражат Буденный, Қошанбаев, Мир, М.Мәметова, Жеңiс, Сейфуллин, Ә.Молдағұлова, Электростанционная, Өндiрiс көшелерiн жөндеуге бөлiндi. Ақшалай қаражат бөлiнген жағдайда қалған көшелер жөнделедi.

Көшенi жарықтандыру

Қаңтар айынан бастап жалпы ұзындығы 20 749 метр көшенiң жарықтандыру желiлерiн күтiп ұстау және қызмет көрсету жұмыстары жүргiзiлуде. «Аз богембай» ЖШС-мен шарт жасалды, орталық көшелерде көше жарығы бар электр шамдары ауыстырылды, жарықтандыру бағаналары орнатылды.

136 жарықдиодты шам сатып алынды, «Қазтехникс» ЖШС-мен шарт жасалды. Барлық жаңа шамдар Островский, Жеңiс (1-ОМ жанында, «Жеңiс» алаңы, Континент дүк.), Ирченко, Қошанбаев көшелерiнде ескiлерiн ауыстыру және көшелердi қосымша жарықтандыру үшiн жалдау бағаналарына орнату үшiн сатып алынды, шарт «Аз бөгембай» ЖШС-мен жасалды.

2021 жылға арналған жоспарлар

«Атбасар ауданының құрылыс бөлiмi» ММ-мен Ағыбай батыр, 1-шағын аудан, «Олимп» ФОК бастап Нұрсейiтов, Әуезов, Майкөтов көшесiне дейiн көшелердi жарықтандыру құрылысына жобалық сметалық құжаттама әзiрлендi. Қаражат бөлiнген жағдайда бұл көшелер жарықтандырылады.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 12 адам жiберiлдi, олар күн сайын көшелердi қоқыстан тазалау, қоқыс жәшiктерiн тазалау, қоршауларды сырлау бойынша жұмыстар жүргiздi.

Қала әкiмдiгiнiң мамандарымен көп пәтерлi үйлер бойынша сенбiлiктерге қатысуға және өз үйлерiнiң жанында тәртiп орнатуға үндеу жасаумен хабарландырулар желiмдеу бойынша жұмыс жүргiзiлдi.

Қалаға кiре берiсте орналасқан жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң кәсiпкерлерiне абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша хабарламалар берiлдi және қала тұрғындары мен кәсiпорын басшыларына қажеттi жұмыстарды жүргiзу туралы хабарламалар берiлдi.

Қала әкiмдiгiнiң мамандарымен фото түсiрiлiммен қала аумағын аралау, рұқсат етiлмеген қоқыс тастайтын жерлердi анықтау, контейнерлiк алаңшалардың, тротуарлар жолдарының жағдайы бойынша мониторинг жүргiзiлдi. Жыл басынан берi аумақты күтiп ұстау бойынша санитарлық талаптарды бұзғаны үшiн 5 адам әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылып, 36 адамға ескерту жасалды.

Әлеуметтiк желiлерде Атбасар қаласын абаттандыру бойынша жүргiзiлiп жатқан iс-шаралар туралы ақпарат үнемi жарияланып тұрды, сондай-ақ Простор-Атбасар газетiнде қала тұрғындарына 5 үндеу жарияланды, жергiлiктi «Айна» ақпараттық арнасында абаттандыру бойынша сөз сөйлендi.

Алдағы мiндеттердi шешу үшiн бiзде тәжiрибе мен күш, шыдамдылық пен табандылық жетедi деп сенемiн. Тек бiрге ғана бiз қаламызды әдемi, жайлы етiп жасаймыз және атбасарлықтардың өмiрi, еңбегi мен демалысы үшiн қолайлы жағдай жасаймыз.

Назар аударып, тыңдағандарыңызға көп рахмет.

Сiздерге зор денсаулық, табыс, отбастарыңызға береке бiрлiк тiлеймiн.

Атбасар қаласының әкiмi                                                              М. Асқаров

Дата публикации
11 января 2021