Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Атбасар су» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының бос лауазымына орналасуға Конкурс.
Атбасар ауданының әкiмдiгi бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
Атбасар ауданы әкiмдiгi жанындағы «Атбасар су» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының директоры.
Мекеменiң орналасқан жерi: 020400, ҚР, Ақмола облысы, Атбасар қаласы, Казахстанская көшесi, 1.
Кәсiпорын қызметiнiң сипаттамасы:
Атбасар ауданы әкiмдiгi жанындағы «Атбасар су» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын қызметiнiң мәнi бұдан әрi — Кәсiпорын) қоғам мен мемлекеттiң қажеттiлiктерiмен айқындалатын әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады:
Елдi мекендердi сумен және жылумен жабдықтау, мемлекеттiк меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету: сарқынды суларды қабылдау және бұру;
Табиғи монополиясы бар объект ретiнде реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен технологиялық байланысты қызметтердi көрсету және қызметтi жүзеге асыру;
шаруашылық-ауыз су мұқтаждығына суды су жинау нүктелерiнен мамандандырылған көлiкпен жеткiзу; заңды және жеке тұлғаларға септиктер мен қазылған шұңқырлардан сарқынды суларды шығару; жобада көзделмеген жаңа объектiнi (қалалық су құбыры схемасында) табиғи монополия субъектiсiнiң балансындағы желiге қосу;
кәрiз желiсiн жуу және тазалау; есепке алу сынамаларын пломбалау; су құбыры, кәрiз және жылу желiлерiн төсеу; жылу энергиясын өндiру және беру; тораптарды дайындау және жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнату.
Конкурсқа қатысу үшiн келесi тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегiз жастан кiшi;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;
3)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары: техникалық ғылымдар және технологиялар саласында жоғары бiлiмiнiң, мамандығы бойынша сала кәсiпорнының бейiнiне сәйкес басшы лауазымдарда кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлiнiң болуы.
Мемлекеттiк кәсiпорын қызметi саласындағы қатынастарды реттейтiн ҚР нормативтiк құқықтық актiлерiн бiлу.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi: кәсiпорынның жұмысын үйлестiру, жоспарлау және ұйымдастыру. Тұтынушыларды сумен жабдықтауға, жылумен жабдықтауға, сарқынды суларды қабылдауға және бұруға қанағаттануға, таратушы желiлерге, қаланың жылу желiлерiне қызмет көрсетуге, құдықтар мен сорғы станцияларындағы тиек арматурасын жөндеуге бақылауды жүзеге асыру.
Жылу энергиясын өндiру, беру, тарату және жабдықтау бойынша бақылауды жүзеге асыру. Кәсiпорын бөлiмшелерiнiң тұрақты және апатсыз жұмысын қамтамасыз ету бойынша уақтылы iс-шараларды ұйымдастыру. Халыққа қызмет көрсету деңгейiн арттыру. Сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау объектiлерiнiң жұмысын бақылау. Жылу энергиясын өндiрудi, бөлудi және берудi бақылауды жүзеге асыру. Қала және аудан бойынша қазандық жабдықтарын күрделi және ағымдағы жөндеудi ұйымдастыру, жер жұмыстарын жүргiзу. Шарттық мiндеттемелер мен қаржылық тәртiптiң қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Жоғары тұрған органдардың және өз құжаттарының уақытылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Кәсiпорынды реформалау және дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру. Аудандық ұйымдармен жұмысты үйлестiру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылау.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекiтiлген «Мемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргiзу, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу қағидалары» негiзiнде өткiзiледi.
Конкурсқа қатысуға үмiткер адамдар үшiн құжаттарды қабылдау конкурс өткiзу туралы жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысуға үмiткер тұлға жоғарыда көрсетiлген мерзiм iшiнде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;
2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi түйiндеме;
3) еркiн нысанда жазылған өмiрбаян;
4) бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi;
5) еңбек кiтапшасының (ол болған кезде) немесе еңбекшартының көшiрмесi не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбекшартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамал нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) бекiтiлген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтiлiне, кәсiби даярлық деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi, сондай-а бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген тұлғалар құжаттарын «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдығы шаруашылығы, жолаушылар көлiгi, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлiмi» ММ Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесi 9, 105-кабинетке тапсырады, анықтама үшiн байланыс тел. 8(71643)2-64-99.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетiн жерге келу және қайту, тұру жәнет.б.) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
«Атбасар ауданының ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлiмi» ММ