2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған, Атбасар аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 2) және 8) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 «2026 жылғы 29 қарашадағы тағайындалған, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Атбасар аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін
2. Осы қаулы Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшада жариялансын.
Төраға А. Рыскелдин
Хатшы С.Шарипова