Қорытынды туралы анықтама Атбасар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы 2026 жылғы қаңтар-шілдеде айларында.

Қорытынды туралы анықтама Атбасар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы 2026 жылғы қаңтар-шілдеде айларында.

 

Аудан әкімі - Әлімжанов Кенеш Ғалибекұлы осы лауазымда 2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастап жұмыс істейді.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны – 40 206 адам, оның ішінде – қалалық – 29 493, ауылдық – 10 713 адам.

Аудан аумағында 13 ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала бар.

Ауданның мамандануы – машина жасау, астық өндіріс, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімді қайта өндіру.

 

  1. Экономика

Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 15 млрд. 029 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы тиісті кезеңнің 30% төмен (2025 жылы - 21 млрд.508 млн. теңге).

Облыс көлеміндегі аудан өнеркәсібінің үлесі 1% құрады.

Өнеркәсіп өнімінің НКИ 96,3% құрады.

Төмендеу себептері: «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалының «АЭРЗ» дағы төмендеуіне байланысты.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 9 млрд. 908 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 14%  жоғары (2025 жыл 8 млрд.697 млн. теңге).

Ауыл шаруашылығы өнімінің НКИ 104,0% құрады.

 

Мал шаруашылығы

2026 жылғы 1 тамызға арналған шаруашылықтардың барлық санаттарындағы мал мен құстың барлық түрлерінің мал басының динамикасы.

Мал басы:

Өсу:

ІҚМ 5,2% және 21,4 мың басты құрады;

сиыр 6,1% - 10,6 мың бас;

қой мен ешкі 2% және 53,3 мың басты құрады;

жылқы 11,6% - 21,3 мың бас;

шошқа 8,6% – 3,6 мың бас.

 

3 102,4 тонна ет (3,5% жоғары), 9 396 тонна сүт (4,8% жоғары), 5 201,3 мың дана жұмыртқа (3,5% жоғары) өндірілді.

 

Негізгі капиталға инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9 млрд.347 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 18% төмен (2025 жылы - 11 млрд. 425 млн. теңге). Өз қаражаты есебінен инвестиция көлемі 4 млрд. 467 млн. теңгені, бюджет қаражаты 2 млрд. 731 млн. теңгені, басқа қарыз қаражаты 2 млрд. 149 млн. теңгені құрады. Инвестициялар ауыл шаруашылығы техникасын, жабдықтарын сатып алуға, орталық қазандықты реконструкциялауға, жылу желілерін салуға, аурухананы күрделі жөндеуге бағытталған.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 77,4%  құрады.

Төмендеу себебі: инвестициялардың жалпы көлемінің төмендеуі бюджеттік салымдардың айтарлықтай қысқаруына байланысты. 2026 жылдың есепті кезеңінде бюджеттік инвестициялар көлемі 2,7 млрд. теңгені құрады, ал 2025 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 5,1 млрд.теңгеге жетті, төмендеу 47% - ға құрады.

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 3 млрд. 091 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 49% төмен (2025 жылы-6 млрд.018 млн. теңге).

Құрылыс жұмыстарының НКИ 47,3% құрады.

Төмендеу себептері: бюджеттік салымдардың қысқаруына байланысты. 2026 жылдың есепті кезеңінде бюджет қаражаты есебінен құрылыс көлемі 3 млрд теңгені құрады, ал 2025 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 5 млрд теңгеге жетті, төмендеу 40% құрады.

 

3 042 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2025 жылдың тиісті кезеңінің 105,6% (2025 жылы – 2 882 ш. м.), (2026 жылға арналған жоспар – 3 714 ш. м.).

 

01.08.2026 жылға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2 302 бірлік (2025 жылға – 2 590 бірлік) тіркелген.

Төмендеу себебі: шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір бөлігінің таратылуына және қызметін тоқтата тұруына, сондай-ақ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаңа кәсіпорындарды тіркеу қарқынының төмендеуіне байланысты.

 

Бөлшек сауда

Бөлшек тауар айналымының көлемі 15 млрд.231,8 млн. теңгені немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 105,4%  құрады.

2026 жылдың қаңтар-шілде айларында 12 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту органдарына жүгінген жұмыссыздар саны 893 адамды құрады. 776 жұмыссыз тұрақты орынға орналастырылды (2026 жылға арналған жоспар 1270 адам).

Жұмыссыз ретінде 657 азамат тіркелген.

Құрылған жаңа жұмыс орындарының саны 1309 (2026 жылға арналған жоспар 1926 адам), оның ішінде тұрақты 834, уақытша 475.

26,5 млн. теңге сомасына 140 аз қамтылған отбасына әлеуметтік көмек тағайындалды.

2026 жылғы қаңтар–наурызда орташа айлық жалақы 336 490 теңгені құрады (орташа облыстық көрсеткіш 378 763 теңге), бұл 2025 жылғы тиісті кезеңнен 10,9%  жоғары.

«Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде:

жастар практикасына 23 адам жіберілді (2026 жылға арналған жоспар-30 адам);

әлеуметтік жұмыс орындарына 19 адам жіберілді (2026 жылға арналған жоспар-22 адам);

қоғамдық жұмыстарға 71 адам (2026 жылға арналған жоспар – 58 адам);

күміс жасы - 15 адам (2026 жылға арналған жоспар – 16 адам);

кәсіпкерлік негіздеріне оқыту - 45 адам;

кәсіптік даярлау 9 адам (жоспар 2026 – 18 адам);

грант 12 адам (жоспар 2026 – 17 адам).

 

Білім

Ауданда 41 білім беру мекемесі жұмыс істейді (7 мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 1 бастауыш мектеп, 8 негізгі орта мектеп, 22 орта мектеп, Балалар музыка мектебі, балалар жасөспірімдер орталығы, «Олимп» дене шынықтыру-сауықтыру кешені).

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 95,1 % (1916 жылдан 1823 бала), 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% (1557 бала) құрады.

Оқу жылының қорытындысы бойынша аудан бойынша білім сапасы 67,6% құрады, бұл Ақмола облысындағы білім сапасы бойынша үздік көрсеткіш болып табылады.

11 - сынып түлектері 246 адам, оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлер 11 адам, үздік аттестат 17 адам.

 

Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау нысандары көпсалалы ауданаралық ауруханамен, емханамен, 8 дәрігерлік амбулаториямен, 16 медициналық пунктпен, 5 фельдшерлік-акушерлік пунктпен ұсынылған.

Ұлғайту:

онкопатологиямен сырқаттанушылық 57 дан 59 ға дейін;

нәресте өлімі 1 жағдай (2025– 0 жағдай).

Төмендеу:

қан айналымы жүйесі органдарының аурушаңдығы 1191 дан 763 жағдайға дейін;

Ана өлімі жоқ.

Туберкулезбен сырқаттанушылық 2025 жылғы тиісті кезең деңгейінде (2025 ж.– 2 жағдай, 2026 ж. – 2 жағдай).

Дата публикации
06 октября 2026