Аз қамтылған отбасылардың өмiр сүру сапасын жақсарту, кедейлер санын азайту, әлеуметтiк қорғаудан әлеуметтiк дамуға көшу үшiн жағдайлар жасау мақсатында 2020 жылдың қаңтарынан бастап жаңа форматтағы мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек және кепiлдендiрiлген әлеуметтiк пакет ұсынылды.
Жаңа форматтағы АӘК ұсыну үшiн — ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70% бiрыңғай өлшемi белгiлендi.
2020 жылдың 4 тоқсанында ең төменгi күнкөрiс деңгейi 34 596 теңгенi, кедейлiк шегi 24 217 теңгенi құрайды.
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлiк шегiнен аспайтын адамға немесе отбасына көрсетiледi.
Ережеге сәйкес, атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiттенген адам немесе отбасы АӘК тағайындау тәртiбi туралы ақпарат алу үшiн тұрғылықты жерi бойынша ЖҚО, ал орталық болмаған кезде тұрғылықты жерi бойынша ауыл, кент әкiмiне белгiленген үлгiдегi өтiнiшпен және сәйкестендiру үшiн жеке басын куәландыратын құжатын қоса отырып жүгiнедi.
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлiк шегiнен аспайтын адамға немесе отбасына көрсетiледi.
Атаулы әлеуметтiк көмек оны алуға құқығы бар әр отбасы мүшелерiне тағайындалады.
Отбасының құрамына — некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты сондай-ақ бiрге тұратын, некеде тұрмайтын бiрақ iс жүзiнде бiрге тұратын адамдарды қоспағанда:
толық мемлекеттiк қамсыздандырудағы, мерзiмдi әскери қызметтегi, бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп емдеудегi азаматтар жатады.
Адамға (отбасыға) атаулы әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн уәкiлеттi орган жан басына шаққандағы орташа кiрiс пен облыстарда отбасының әрбiр мүшесiне есептегенде белгiленген кедейлiк шегi арасындағы айырма түрiнде есептейдi.
Кепiлдiк берiлген әлеуметтiк топтама шеңберiнде берiлетiн көмектiң түрлерi мен көлемдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды
Атаулы әлеуметтiк көмектi алушы халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық жерлерде — кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiн атаулы әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн өзгерту үшiн негiз болатын немесе оны алуға құқық беретiн мән-жайлар туралы он жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге мiндеттi.
Жаңа форматтағы АӘК 2 түрге жiктеледi: шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Шартсыз ақшалай көмек (ШАК) аз қамтылған адамдарға немесе мүмкiндiгi шектеулi отбасыларға көрсетiледi.
Оларға мыналар жатады:
•құрамында еңбекке қабiлеттi адамдары жоқ немесе отбасының жалғыз еңбекке қабiлеттi мүшесi үш жасқа дейiнгi балаға, мүгедек балаға, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедекке, бөгде адамның күтiмiне және көмегiне мұқтаж қартқа күтiмдi жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетiледi.
•сондай-ақ жалғызiлiктi және жалғыз тұратын табысы аз адамдар
•зейнеткерлiк жасқа толған тұлғалар
•бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер
•екi айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзiмi белгiленген ауруы бар адамдар,
Төлем ай сайын жүргiзiледi.
Шартты ақшалай көмек (ШАК) жалғызiлiктi және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабiлеттi табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында кемiнде бiр еңбекке қабiлеттi отбасы мүшесi бар табысы аз отбасыларға, олар Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiк Бағдарламасы шеңберiнде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда ұсынылады (ол мыналарды қамтиды: жұмысқа орналасуға көмек; мамандығы бойынша кәсiптiк оқыту; жастар практикасына жолдама; жұмыс орындарын ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстар, гранттық қаржыландыру) және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әлеуметтiк қорғау шаралары көзделуге тиiс.
Шартты ақшалай көмек өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады, ал алушылармен тағайындау кезеңiне әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады. Төлем ай сайын немесе әлеуметтiк келiсiмшартта белгiленген кезең үшiн бiржолғы жүргiзiледi.
Сондай — ақ 2020 жылғы қаңтардан бастап АӘК iске асыру шеңберiнде атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау кезеңiнде бiр жастан алты жасқа дейiнгi балалары бар шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алушылар қатарындағы аз қамтылған отбасыларға;
орта бiлiм беру ұйымдарында оқитын алты жастан он сегiз жасқа дейiнгi балалары барларға — тиiстi оқу жылы кезеңiнде берiледi.
кепiлдендiрiлген әлеуметтiк пакет ұсынылады.
Кепiлдендiрiлген әлеуметтiк пакет бiр жастан алты жасқа дейiнгi балаларға:
азық-түлiк жиынтықтары атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау кезеңiне ай сайын немесе тоқсанның соңғы айында бiр рет атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау кезеңiне келетiн айына жиынтықтардың жалпы санынан төмен емес көлемде берiледi;
тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау кезеңiнде тоқсанына бiр рет ұсынылады.
ҚР ЕжХӘҚМ 2020 жылғы 1 қазаннан бастап әлеуметтiк қызметтер порталы (бұдан әрi-ӘҚП) арқылы кепiлдiк берiлген әлеуметтiк пакеттi ( бұдан әрi — КӘП) ұсыну бойынша пилоттық жоба iске қосылады, ол үшiн халықты жұмыспен қамту орталықтарында, ауылдық округтердiң әкiмдiктерiнде атаулы әлеуметтiк көмек алушылардың (балалары бар) электрондық-цифрлық қолтаңбаны алуы және әлеуметтiк қызметтер порталында одан әрi жұмыс iстеуi үшiн өзiне-өзi қызмет көрсету аймақтары ұйымдастырылған.
Бұл ретте ата-аналар өнiм берушiнiң порталынан азық-түлiк жиынтықтары мен тұрмыстық химия тауарларын өз бетiнше таңдайтын болады . Қазiргi уақытта электрондық-цифрлық қолтаңбасы бар мемлекеттiк әлеуметтiк көмек алушыларды қамту үлесi 100% — ды құрайды.
2020 жылдың ағымдағы кезеңiнде 210 отбасы өтiнiш бiлдiрдi, оның iшiнде 190 отбасына 875 адам тағайындалды, оның iшiнде: қала бойынша 130 отбасы 588 адам, ауыл бойынша 60 отбасы 287 адам. 62685,9 мың теңге төлендi, оның iшiнде: ОБ-тен 10364,0 мың теңге, ЖБ-тен 500,0 мың теңге, РБ-тен 51821,9 мың теңге сомасында.
Кепiлдендiрiлген әлеуметтiк пакетпен 234 бала, 1 жастан 3 жасқа дейiнгi 122 бала, 3 жастан 6 жасқа дейiнгi 112 бала қамтылған, сомасы 8615,5 теңге.
Көрсетiлген кезеңде халықты атаулы әлеуметтiк көмектiң жаңа форматына тарту нәтижесiнде шартты ақшалай көмек алушылардың жан басына шаққандағы орташа табысы АӘК алуға өтiнiш бергенге дейiнгi кезеңмен салыстырғанда 2 еседен астамға артқаны байқалады.
Ақпараттық-түсiндiру жұмыстарымен Атбасар ауданының барлық елдi мекендерi қамтылған.