БЖЗҚ-ның 2020 жылдың 1 желтоқсанындағы негiзгi көрсеткiштерi
2020жылдың 1 желтоқсанында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,7 триллион теңге сомасында зейнетақы жинақтары қалыптастырылды. Ағымдағы жылдың басынан берi, яғни 01.01.2020 жылдан бастап 01.12.2020 жылға дейiн сома 1,9 трлн теңгеге немесе 18%-ға артты.
Зейнетақы жинақтарының негiзгi сомасы мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен жинақталды, оның мөлшерi 12,4 трлн теңге (2020 жылдың басынан бергi өсiм — 18%). Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 309,6 млрд теңге (өсiм 26%), ал ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге (өсiм 11%) жеттi.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 желтоқсанға дейiнгi кезең iшiнде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,13 трлн теңге таза инвестициялық табыс есептелдi. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 531 млрд теңгеге (өсiм 88%) артық.
БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2020 жылдың 1 желтоқсанында 11,6 миллион бiрлiктi (жыл басынан бергi өсiм 10% ) құрады. Шоттардың басым бөлiгi мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны — 10 984 130 (өсiм — 11%). Одан кейiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптастырылған шоттар — 526 111 (өсiм — 3%). Ерiктi зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) саны да бiртiндеп көбейiп келедi, БЖЗҚ-дағы мұндай шоттардың саны қазiр 57 211 бiрлiк (өсiм — 5%).
2020 жылдың басынан берi салымшылардың шоттарына жалпы көлемi 958,8 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, ол 2019 жылдың 11 айындағы көрсеткiштен 75,8 млрд теңгеге немесе 9% асып түстi. Жарналардың жалпы көлемiнiң 95,5 пайызын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша аударылған 915,6 млрд теңге мөлшерiндегi түсiмдер (өсiм 9%) құрайды. 42,7 млрд теңгенiң аударымы МКЗЖ бойынша (өсiм 9%) жасалған, ал 480 миллион теңге ЕЗЖ бойынша (өсiм 54%) аударылған.
Төлемдер 172,1 млрд теңгенi құрады, олардың басым бөлiгi, атап айтқанда 34% жасы бойынша төлемдер (57,7 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (42,9 млрд теңге), Қазақстан Республикасынан тыс ТТЖ кету (34,1 млрд теңге), мұрагерлерге (32,01 млрд теңге), жерлеуге (3,96 млрд теңге) берiлген, мүгедектiк бойынша төлемдер (1,4 млрд теңге).
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).