Желтоқсан айында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 171 қызмет көрсету кеңсесi барлық санитарлық қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша күндiзгi қызмет көрсету режимiнде жұмысын жалғастыруда.
Күндiзгi режимде қабылдауға жазылуды enpf.kz корпоративтiк сайтында екi-үш әрекетпен-ақ оп-оңай iске асыруға болады. Сайттың басты бетiндегi «Электрондық сервистер» қосымша бетiне өтiп, «Қызмет алу кезегiн брондау» баннерiн басып, әрi қарай Сiз Қор филиалдарына келуге болатын ыңғайлы уақытты өз бетiңiзше таңдай аласыз.
Филиалдардың жұмыс тәртiбi жұмыс күндерi 9:00-ден 18:00-ге дейiн, сенбi және жексенбi — демалыс күндерi. Жұмыс күнi барысында операциялық залдарда желдету, ылғалды тазалау (жұмыс үстелдерiн, орындықтарды, есiк тұтқаларын), дезинфекциялау/кварцтау жүргiзiледi. Сонымен қатар филиалдарда әлеуметтiк қашықтықты сақтау үшiн арнайы белгiлер сызылып көрсетiлген.
Мереке және демалыс күндерi, яғни 16, 17, 18, 19 желтоқсанда қызмет көрсету кеңселерi жұмыс iстемейдi. Алайда, 20 желтоқсан, жексенбi күнi қызмет көрсету кеңселерi алдын-ала жазылу бойынша күндiзгi режимде 9:00-ден 18:00-ге дейiн қызмет көрсетедi. Сондай-ақ , 30 және 31 желтоқсан да жұмыс күндерi болып есептеледi.
БЖЗҚ қызметтерiнiң кейбiр түрлерiн, мәселен, жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, деректемелердi өзгерту, ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу және т. б. Сiз үйден шықпай-ақ, ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтiк сайтында орналастырылған Жеке кабинет арқылы онлайн режимiнде алуға болатынын естерiңiзге саламыз (электрондық қызметтердi алу тәртiбi бойынша нұсқаулықтар тиiстi бөлiмдерде қоса берiледi).
Қордың қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталған барып қызмет көрсету қызметi де жұмыс iстейдi. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның iшiнде қызметтi бармай-ақ, қашықтан алу мүмкiндiгiн тексеру) жүзеге асырылады. Азаматтарға барып қызмет көрсету барысында мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтiнiштердi (оның iшiнде мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарнасы есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтiнiштердi) ресiмдеу қызметi көрсетiледi. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтiк әлсiз топтары санатына жататын салымшыларға (алушыларға), (мерзiмсiз уақытқа мүгедектiк берiлген 1-2 топ мүгедектерi) санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң түрде сақтай отырып, сапалы қызмет көрсету жүзеге асырылады.
Қор қызметкерлерi салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң мәселелерi бойынша кеңес беруге және Қордың электрондық қызметтерiн алу үшiн қашықтықтан қолдау көрсетуге әрқашан дайын:
1) өңiрлiк бөлiмшелердiң кезекшi қызметкерлерiне телефон байланысы арқылы өтiнiш жасау (тiзiмi enpf.kz сайтында орналастырылған);
2) 1418 қысқа нөмiрi бойынша Қордың байланыс орталығына жүгiну;
3) +7 777 000 14 18 телефон нөмiрi бойынша WhatsApp, Viber чат-боттары;
4) www.enpf.kz корпоративтiк сайтындағы онлайн-кеңесшi;
5) өтiнiштердi enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жiберу;
6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтiк желiлердегi аккаунттар.
«БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдарының тiзiмi мен олардың жұмыс тәртiбi сiлтеме бойынша қолжетiмдi.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).