Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 19 шілдеде тағайындалған Атбасар ауданы Борисовка ауылы әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113, 10-баптарына сәйкес, Атбасар ауданы Борисовка ауылы  әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Борисовка сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 588 азамат енгізілді, олардың 384 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 2. Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны: Ж.С. Ақылбаева 23; Ж.Ж. Кенжібаева – 21; Қ.М.Матюнина – 338. Борисовка ауылының әкімі болып Қарлығаш Маратқызы Матюнина сайланды, 1981 жылы туған, «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Борисовка ауылының жалпы білім беретін орта мектебі» КММ директорі , Борисовка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну.

 

Дата публикации
20 июля 2026