Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес, Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 26 маусымда Атбасар ауданы Борисовка ауылының әкіміне кандидаттарды келесі құрамда тіркеді:
- Ақылбаева Жадыра Сапарханқызы – 1987 жылы туған, қазақ, «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару бірыңғай қызметінің басшысы, Атбасар қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Кенжібаева Жанар Жүсіпқызы – 1987 жылы туған, қазақ, «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, Атбасар қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Матюнина Карлығаш Маратқызы – 1981 жылы туған, қазақ, «Борисовка ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Борисовка ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Атбасар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы