Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 17-бабының 2-тармағына, 23-бабының 5-тармағына, Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 10 маусымдағы «Атбасар ауданы Борисовка ауылының әкімін сайлауын тағайындау туралы» № 2/40 қаулысына, Атбасар ауданы әкімінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 11 шешіміне сәйкес, сайлау учаскелерінің шекаралары және Атбасар ауданының аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.
Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Лука Белаш көшесі, 109 В, 114 каб., тел: 8 (71643) 25508.
Төраға – Рыскелдин Асқан Жылқайдарұлы; төрағаның орынбасары – Әдепбаева Құрмет Қаниқызы; хатшы – Шарипова Салтанат Жеңісқызы; комиссия мүшелері: Әлібеков Бауыржан Қожақұлы, Қоңырбаева Жанар Айтбайқызы, Панченко Ольга Егоровна, Шаймерденов Ержан Қайыржанұлы.
№ 202 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Борисовка ауылы, Клименко көшесі, 40, «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Борисовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ғимараты, тел: 8 (71643) 90314
Шекарасы: Борисовка ауылы.
Төраға – Поляковская Елена Ивановна; төрағаның орынбасары – Пономарев Дмитрий Валерьевич; хатшы – Моор Юлия Васильевна; комиссия мүшелері: Волкова Инна Николаевна, Корн Светлана Александровна.
Атбасар ауданының әкімі К. Әлімжанов
Атбасар аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы А. Рыскелдин