«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты eps.gov.kz арқылы жолданңанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
«Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, санаты E-3, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 410 720 теңгеден 471 788 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын басқару, үйлестіру, жоспарлау және ұйымдастыру. Аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды, саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін, жастар ортасындағы процестерді және өзге де қоғамдық бірлестіктерді мониторингтеуді, талдауды және болжауды ұйымдастыру. Қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл. Ауданда ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды шоғырландыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану және мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша талдау және мониторинг жүргізу. Қоғамдық-саяси іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс және аудан әкімінің ішкі, жастар, гендерлік саясат мәселелері жөніндегі актілерінің орындалуын бақылау Облыстың жоғары тұрған органдарына есеп беру. Жоғары тұрған органдардың құжаттарының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау. ҚР заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.