Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 10 айы iшiнде өз салымшыларына 15,8 миллион қызмет көрсеттi. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және коронавирус iндетiне (COVID-19) байланысты ағымдағы жылы қабылданған бiрқатар шектеу шараларына қарамастан, 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда көрсетiлген қызметтер саны 8% немесе 1,2 млн. бiрлiкке артты.
Ағымдағы жылдың 1 қарашасына қарай операциялардың жалпы көлемiнiң 14,5 миллионы (немесе 92%) электрондық форматта жүргiзiлдi. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердiң танымалдығы 23,8% немесе 2,8 млн қызметке өстi. Осылайша салымшылардың көпшiлiгiнiң БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттiң көмегiмен қызметтердiң толық құрамын үйден шықпай-ақ алатынын көруге болады. Атап айтқанда, бұлар жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, өз деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзiмсiз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектiктiң белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, төлемге және (немесе) көшуге берiлетiн өтiнiштiң мәртебесiн қадағалау және тағы басқалар.
Қазiргi уақытта БЖЗҚ-ның 200-ден астам бөлiмшесi барлық қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып қызмет көрсетуде. Салымшылар 10 ай көлемiнде 1,1 миллионнан аса қызмет алды. Бұдан басқа БЖЗҚ-ның барып қызмет көрсету бөлiмдерi 1 қарашадағы жағдай бойынша Қор салымшыларына 80,4 мың қызмет көрсеттi.
БЖЗҚ мiндеттерiнiң бiрi — сапалы кеңес беру қызметтерiн көрсету және Қордың салымшылары мен алушыларына бағытталған ақпараттық арналарды дамыту. Ағымдағы жылдың он айында өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда керi байланыс арналары бойынша салымшылардан түскен өтiнiштер саны екi еседен аса артты: 2020 жылы 1,2 млн өтiнiш қаралған болса, 2019 жылдың осындай кезеңiнде 580,4 мың өтiнiш қабылданды.
БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмiрi бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) байланыс орталығынан кеңес ала алады. Сонымен қатар кеңестi www.enpf.kz корпоративтiк сайты, +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi БЖЗҚ-ның ресми парақшалары арқылы да алуға болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).