«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты eps.gov.kz арқылы жолданңанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
«Атбасар ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, санаты E-3, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 410 720 теңгеден 471 788 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Ауданда мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы негізгі мемлекеттік саясатты іске асыру. Мәдениет, жаппай спорт, халықтың дене шынықтыру белсенділігін арттыру саласындағы ағымдағы, болашақтағы бағдарламаларды әзірлеу және іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай ақ мәдени мұраны, дәстүрлерді және халық шығармашылығын сақтау және насихаттау. Әртүрлі деңгейдегі спорттық іс-шаралар мен жарыстарды ұйымдастыру және өткізу, сондай ақ аудандық құрамалардың облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатусуын қамтамасыз ету. Аудан аумағында жаттықтырушылар құрамының қызметін үйлестіру. Мәдени іс-шараларды өткізу жоспарлары мен тұжырымдамаларын әзірлеу. Бағынысты мекемелердің қызметін, сондай-ақ мәдени және спорттық іс-шараларды дайындау және өткізу бойынша жұмыстарын үйлестіру. Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына бақылау жүргізу.