2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ярославка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметі туралы есеп

Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер

«Ярославка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммундалдық мемлекеттік мекемесі қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

          Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

Ярославка ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-портал) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, тегін негізде, қызмет көрсету мерзімдері 13 жұмыс күні, электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде көрсетіледі;

- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу», қызмет «электрондық үкімет»  веб-порталы (бұдан әрі-портал) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, тегін негізде, екі кезеңде көрсетіледі: Бірінші кезең 12 жұмыс күні, екінші кезең 3 жұмыс күні, қызмет көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде;

- «Жер учаскесін жеке меншікке  ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату», қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, тегін негізде, қызмет көрсету мерзімдері 5 жұмыс күні, электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде көрсетіледі;

- «Жер учаскесін алуға кезекке қою», қызметі «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы, тегін негізде көрсетіледі, қызмет көрсету мерзімі 20 минут, қызмет көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған);

- «Кент, ауыл жерінен жер учаскесін беру», қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-портал) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, тегін негізде, екі кезеңде, бірінші кезеңде 28 жұмыс күні, екінші кезеңде 18 жұмыс күні, электрондық қызмет көрсету нысаны (ішінара автоматтандырылған) / қағаз;

- «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту», қызмет көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, тегін негізде, қызмет көрсету мерзімдері 10 жұмыс күні, қызмет көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде көрсетіледі.

          2023 жылы «Атбасар ауданы Ярославка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы 6 қызмет көрсетілді.

          Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны – 0.

          2022 жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметтердің азайту, әсіресе тікелей мемлекеттік органда арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің азайту байқалады.

 

№

Атауы

Мемлекеттікқызметтер саны

көрсетілген қызметтер

1.

Жер қатынастары, сәулет және

 қала құрылысы саласында

6

6

          3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

          «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 5 қызмет көрсетілді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

          Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Ярославка ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы ақпараттық стендтерде, Facebook әлеуметтік желісінің ресми беттерінде орналастырылған.  

Ярославка ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында компьютер, принтер, сканер, веб-камера, картридермен жабдықталған «Е-gov» өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. 2023 жылы өз-өзіне қызмет көрсету бұрышының қызметтерін 300 көрсетілетін қызметті алушы пайдаланды.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта құру бойынша Ярославка ауылдық округінің әкімдігінде:

- тұтқасы бар сыртқы пандус;

- қоңырау түймесі;

- көру қабілеті нашар адамдарға арналған сары шеңбер;

- халықтың аз қозғалатын топтары үшін кедергісіз орта құруға арналған тактильді плиткалар орнатылған.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған стенд ресімделді

          «Е-gov» «цифрлық құжаттар әрқашан қолда» баннері бар, «Егер сізге мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе» деген екі тілде ролл аптар орнатылды.

Ярославка ауылдық округі әкімі аппаратының 2023 жылғы ресми парақшасында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 82 мақаласы жарияланды.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

          Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету саласында техникалық оқыту өтті.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекеттеріне шағымдану болған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

Ярославка ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2023 жылы көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

2) Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсетудің қоғамдық мониторингі жүргізілді. Қоғамдық мониторинг нәтижелері зерделенді және жұмыста қателерді болдырмау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру үшін пайдаланылатын болады.

3) 2023 жылы Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша бақылау іс-шарасы өткізілді. Тексеру барысында ұсыныстар берілді, осы ұсынымдар орындалды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Бұдан әрі тиімділік және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында мынадай міндеттер қойылды:

- Қазақстан Республикасы заңына мемлекеттік қызмет көрсету кезінде талаптарын қатаң сақтау;

-мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);

-мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стенділерді жаңарту, округтің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын уақтылы орналастыру.

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

 

Мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелері бойынша

2023 жылғыесебіне

қосымша

 

«Атбасар ауданыЯрославка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бойыншамемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

Шағымберушітуралымәліметтер

Шағы

ның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытын

дысыбойыншақұжаттың №

Қабыл

данғаншешім

Қабылданғаншешімдіқайтақараутуралы мәлімет

тер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

Дата публикации
26 февраля 2025