Құрметті Сергеевка ауылдық округінің тұрғындары!
Ақмола облысының Сергеевка ауылдық округінің азаматтардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» қызмет атқарады.
«Құқық кабинеттері»,«өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет» ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov»,«e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
Құрметті Сергеевка ауылдық округінің азаматтары құқықтық мәселелер туындаған жағдайда, Сіз Сергеевка ауылы, Абай Құнанбаев 2 мекенжайындағы құқық кабинетін пайдалана аласыз, Жұмыс уақыты 9.00 - 18.30
«Құқық кабинеті» – әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» № 899 бұйрығына сәйкес «Сергеевка ауылдық округ әкімі аппараты» КММ-сінде «EGOV» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының базасында «Құқық кабинеті» жұмыс жасайды.
Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс күндері.
Кабинет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (e-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.
«Қазпошта» АҚ, Қазақстан Республикасы жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті және «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бірлескен жобасын іске асыру шеңберінде ауылдық жерлердегі халықтың пошта байланысы бөлімшелері арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.
«Қазпошта» АҚ қызмет көрсетудің баламалы арналары жоқ Қазақстан Республикасының шалғайдағы және жету қиын ауылдық елді мекендерінде мемлекеттік қызметтер көрсететін жалғыз ұйым болып табылады.
Қазіргі уақытта жоба Ақмола облысын қоса алғанда, еліміздің 11 облысында 200 ауылдық пошта байланысы бөлімшесін қамтиды.
Ақмола облысында ауылдық почта байланысы бөлімшелері (СОПС) арқылы мемлекеттік қызметтер келесі мекенжайлар бойынша қолжетімді:
|
Астана поштамты |
Ерейментау АПБТ |
Тайбай АПББ |
дүйсенбі-бейсенбі: 10:00-16:00 жұма: 10:00-14:00 Үзіліс 13:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Тайбай ауылы, Сарыарқа көшесі 53 |
|
Астана поштамты |
Ерейментау АПБТ |
(Новомарковка) Майлан АПББ |
дүйсенбі-жұма: 10:00-16:00 Үзіліс 13:00-14:00; сенбі-жексенбі - демалыс |
(Новомарковка) Майлан ауылы , Целинный көшесі 18 |
|
Астана поштамты |
Ерейментау АПБТ |
Еркіншілік АПББ |
дүйсенбі-жұма: 09:00-15:30 Үзіліс 13:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Еркіншілік ауылы, Досмағамбетұлы көшесі 33 |
|
Астана поштамты |
Ерейментау АПБТ |
Үленты АПББ |
дүйсенбі - бейсенбі: 09:00-15:00 жұма: 09:00-13:00 Үзіліс 13:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Үленты ауылы, Тын көшесі 1А |
|
Астана поштамты |
Қорғалжын АПБТ |
Шалқар АПББ |
дүйсенбі-бейсенбі: 09:00-15:00 Үзіліс 13:00-14:00 жұма: 09:00-13:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Шалқар ауылы, Абай көшесі 34 |
|
Астана поштамты |
Шортанды АПБТ |
Бозайғыр АПББ |
дүйсенбі-бейсенбі 09:00-16:30 жұма 09:00-16:00 Үзіліс 13:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Бозайғыр ауылы , Лян көшесі 43 |
|
Астана поштамты |
Астана поштамты |
Түрген АПББ |
дүйсенбі-бейсенбі: 10:00-16:00 Үзіліс 13:00-14:00 жұма: 10:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Түрген ауылы, Жастар көшесі 19 |
|
Астана поштамты |
Астана поштамты |
Константиновка АПББ |
дүйсенбі-бейсенбі: 10:00-16:00 Үзіліс 13:00-14:00 жұма: 10:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Константиновка ауылы, Центральный көшесі 47 |
|
Астана поштамты |
Астана поштамты |
Арайлы АПББ |
дүйсенбі-жұма: 09:00-18:00 Үзіліс 13:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Арайлы ауылы, Гагарин көшесі 26 |
|
Астана поштамты |
Астана поштамты |
Жаңаесіл АПББ |
дүйсенбі-жұма: 09:00-17:00 Үзіліс 13:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Жаңаесіл ауылы, Достық көшесі 5 |
|
Астана поштамты |
Астана поштамты |
Родина АПББ |
дүйсенбі-жұма: 09:00-17:00 Үзіліс 13:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Родина ауылы, Центральный көшесі 6 |
|
Астана поштамты |
Астана поштамты |
Қабанбай батыр АПББ |
дүйсенбі-жұма: 09:00-18:00 Үзіліс 13:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Қабанбай батыр ауылы, Ынтымақ көшесі 5 |
|
Астана поштамты |
Астана поштамты |
Софиевка АПББ |
дүйсенбі-жұма: 09:00-18:00 Үзіліс 13:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Софиевка ауылы, Центральный көшесі 5 |
|
Астана поштамты |
Целиноград АПБТ |
Қаратөткел АПББ |
дүйсенбі-жұма: 09:00-18:00 Үзіліс 13:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Қараөткел ауылы, Мұстафа Шоқай көшесі 1 |
Қол жетімді Мемлекеттік қызметтер тізбесі туралы кеңестер мен қосымша ақпарат алу үшін аудан тұрғындары аталған бөлімшелерге жүгіне алады немесе «Қазпошта» АҚ ресми сайтына кіре алады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сұранысына жүргізілген талдау нәтижесінде өздігінен қызмет көрсету секторы арқылы қолжетімді ең танымал 15 қызмет анықталды. Сондай-ақ, бүкіл ел аумағында жүргізілген сауалнама көрсеткендей, азаматтардың шамамен 80%-ы мынадай анықтамаларды алу үшін жүгінеді, негізінен жұмысқа орналасу мақсатында:
Соттылығының жоқтығы туралы анықтама
Наркологтың динамикалық есебінде тұрмайтыны туралы анықтама
Мұрағаттық анықтамалар мен құжаттар
Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер
Құқықтық статистика органдары порталынан анықтама
Жылжымайтын мүлікке құқықтары туралы анықтама
Жылжымайтын мүліктің бар/жоқ екендігі туралы анықтама
Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер
Банк несиелерінен ерікті түрде бас тарту
Несие тарихы
Поликлиникаға тіркелу
Әкімшілік құқық бұзушылықтар есебі бойынша мәліметтер
Зейнетақы қаражаты туралы ақпарат
Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы мәліметтер
Енді осы қызметтердің барлығын тек eGov порталы арқылы ғана емес, сондай-ақ Egov Mobile мобильді қосымшасы арқылы да қашықтан алуға болады. Бұл азаматтарға қажетті анықтамалар мен мәліметтерді кез келген уақытта және кез келген жерде, ХҚКО-ға бармай-ақ алуға мүмкіндік береді.
Бұл сіз үшін нені білдіреді?
Енді ХҚКО-ға баруға уақыт жоғалтудың қажеті жоқ! Барлық қажетті анықтамалар мен мәліметтерді eGov порталы немесе Egov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн алыңыз. Бұл мемлекеттік қызметтерді алу процесін едәуір жеделдетіп, қолайлылығын арттырады.
Қазіргі уақытта eGov электрондық үкімет порталында үшінші тұлғалар туралы мәліметтерді алу сервисі жұмыс істейді, ол пайдаланушыларға халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) жеке бармай-ақ қажетті ақпаратты сұратуға мүмкіндік береді.
Құрметті Атбасар ауданының тұрғындары!
Мүгедектігі бар адамдар және басқа да тұлғалар (Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941ж. 22 маусым – 1945ж. 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар)) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсеткені үшін ақы төлеуден босатылады, Кодекстің 182-бабының 1-тармағы және Әділет министрінің 25.02.2015ж. №112 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жоюды ұйымдастыру» туралы қағидасы сәйкес.