Құрметті Ақмола облысы Атбасар ауданы
Покровка ауылдық округінің тұрғындары!
Ақмола облысының Атбасар ауданы Покровка ауылдық округінің тұрғындары азаматтардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» қызмет атқарады.
«Құқық кабинеттері»,«өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет» ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov»,«e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
Құрметті азаматтар Атбасар ауданы Покровка ауылдық округінің тұрғындары құқықтық сұрақтар туындаған кезде Сіз Атбасар ауданы, Покровка ауылдық округі, Покровка ауылы, Жастар көшесі, 9.
Жұмыстың басталуы : -9.00 сағат
Жұмыстың аяқталуы: -18.00 сағат 30 минут
Түскі үзіліс : 13.00 сағаттан 14 сағат 30 минутқа дейін
Демалыс: сенбі, жексенбі
мекенжайы бойынша көрсетілген құқықтық кабинетті қолдана аласыз.
«Құқық кабинеті» - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы«2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» № 899 бұйрығына сәйкес « Атбасар ауданының Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ - сінде «EGOV» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының базасында «Құқық кабинеті» жұмыс жасайды.
Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс күндері.
Кабинет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпаратттық құқықтық жүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.
Құрметті Покровка ауылдық округінің тұрғындары!
Атбасар ауданының Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты 2026 жылғы 1-30 наурызы аралығында Атбасар ауданының Покровка ауылдық округі әкімдігінің ресми интернет-ресурсында 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептерді жария талқылау өткізілетінін хабарлайды.
Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты
Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының сайты референдумға және Жаңа Конституция жобасына арналған. referendum2026.kz платформасында Негізгі заң жобасының толық мәтіні, сарапшылардың материалдар және Коалицияның жұмысы туралы жаңалықтар орналастырылған. Ресурс азаматтарға ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін түсініп, алдағы дауыс беру алдында негізгі сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік беретін қолжетімді ақпарат көзі ретінде әзірленген.
Атбасар ауданындағы «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат
«Қазпошта» АҚ, Қазақстан Республикасы жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті және «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бірлескен жобасын іске асыру шеңберінде ауылдық жерлердегі халықтың пошта байланысы бөлімшелері арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.
«Қазпошта» АҚ қызмет көрсетудің баламалы арналары жоқ Қазақстан Республикасының шалғайдағы және жету қиын ауылдық елді мекендерінде мемлекеттік қызметтер көрсететін жалғыз ұйым болып табылады.
Қазіргі уақытта жоба Ақмола облысын қоса алғанда, еліміздің 11 облысында 200 ауылдық пошта байланысы бөлімшесін қамтиды.
Ақмола облысында ауылдық почта байланысы бөлімшелері (СОПС) арқылы мемлекеттік қызметтер келесі мекенжайлар бойынша қолжетімді:
|
Астана поштамты |
Ерейментау АПБТ |
Тайбай АПББ |
дүйсенбі-бейсенбі: 10:00-16:00 жұма: 10:00-14:00 Үзіліс 13:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Тайбай ауылы, Сарыарқа көшесі 53 |
|
Астана поштамты |
Ерейментау АПБТ |
(Новомарковка) Майлан АПББ |
дүйсенбі-жұма: 10:00-16:00 Үзіліс 13:00-14:00; сенбі-жексенбі - демалыс |
(Новомарковка) Майлан ауылы , Целинный көшесі 18 |
|
Астана поштамты |
Ерейментау АПБТ |
Еркіншілік АПББ |
дүйсенбі-жұма: 09:00-15:30 Үзіліс 13:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Еркіншілік ауылы, Досмағамбетұлы көшесі 33 |
|
Астана поштамты |
Ерейментау АПБТ |
Үленты АПББ |
дүйсенбі - бейсенбі: 09:00-15:00 жұма: 09:00-13:00 Үзіліс 13:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Үленты ауылы, Тын көшесі 1А |
|
Астана поштамты |
Қорғалжын АПБТ |
Шалқар АПББ |
дүйсенбі-бейсенбі: 09:00-15:00 Үзіліс 13:00-14:00 жұма: 09:00-13:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Шалқар ауылы, Абай көшесі 34 |
|
Астана поштамты |
Шортанды АПБТ |
Бозайғыр АПББ |
дүйсенбі-бейсенбі 09:00-16:30 жұма 09:00-16:00 Үзіліс 13:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Бозайғыр ауылы , Лян көшесі 43 |
|
Астана поштамты |
Астана поштамты |
Түрген АПББ |
дүйсенбі-бейсенбі: 10:00-16:00 Үзіліс 13:00-14:00 жұма: 10:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Түрген ауылы, Жастар көшесі 19 |
|
Астана поштамты |
Астана поштамты |
Константиновка АПББ |
дүйсенбі-бейсенбі: 10:00-16:00 Үзіліс 13:00-14:00 жұма: 10:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Константиновка ауылы, Центральный көшесі 47 |
|
Астана поштамты |
Астана поштамты |
Арайлы АПББ |
дүйсенбі-жұма: 09:00-18:00 Үзіліс 13:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Арайлы ауылы, Гагарин көшесі 26 |
|
Астана поштамты |
Астана поштамты |
Жаңаесіл АПББ |
дүйсенбі-жұма: 09:00-17:00 Үзіліс 13:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Жаңаесіл ауылы, Достық көшесі 5 |
|
Астана поштамты |
Астана поштамты |
Родина АПББ |
дүйсенбі-жұма: 09:00-17:00 Үзіліс 13:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Родина ауылы, Центральный көшесі 6 |
|
Астана поштамты |
Астана поштамты |
Қабанбай батыр АПББ |
дүйсенбі-жұма: 09:00-18:00 Үзіліс 13:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Қабанбай батыр ауылы, Ынтымақ көшесі 5 |
|
Астана поштамты |
Астана поштамты |
Софиевка АПББ |
дүйсенбі-жұма: 09:00-18:00 Үзіліс 13:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Софиевка ауылы, Центральный көшесі 5 |
|
Астана поштамты |
Целиноград АПБТ |
Қаратөткел АПББ |
дүйсенбі-жұма: 09:00-18:00 Үзіліс 13:00-14:00 сенбі-жексенбі - демалыс |
Қараөткел ауылы, Мұстафа Шоқай көшесі 1 |
Қол жетімді Мемлекеттік қызметтер тізбесі туралы кеңестер мен қосымша ақпарат алу үшін аудан тұрғындары аталған бөлімшелерге жүгіне алады немесе «Қазпошта» АҚ ресми сайтына кіре алады.
Мемлекеттік қызметтерді eGov порталы мен Egov Mobile мобильді қосымшасы арқылы алу процесінің жаңартылуы
Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сұранысына жүргізілген талдау нәтижесінде өздігінен қызмет көрсету секторы арқылы қолжетімді ең танымал 15 қызмет анықталды. Сондай-ақ, бүкіл ел аумағында жүргізілген сауалнама көрсеткендей, азаматтардың шамамен 80%-ы мынадай анықтамаларды алу үшін жүгінеді, негізінен жұмысқа орналасу мақсатында:
Соттылығының жоқтығы туралы анықтама
Наркологтың динамикалық есебінде тұрмайтыны туралы анықтама
Мұрағаттық анықтамалар мен құжаттар
Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер
Құқықтық статистика органдары порталынан анықтама
Жылжымайтын мүлікке құқықтары туралы анықтама
Жылжымайтын мүліктің бар/жоқ екендігі туралы анықтама
Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер
Банк несиелерінен ерікті түрде бас тарту
Несие тарихы
Поликлиникаға тіркелу
Әкімшілік құқық бұзушылықтар есебі бойынша мәліметтер
Зейнетақы қаражаты туралы ақпарат
Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы мәліметтер
Енді осы қызметтердің барлығын тек eGov порталы арқылы ғана емес, сондай-ақ Egov Mobile мобильді қосымшасы арқылы да қашықтан алуға болады. Бұл азаматтарға қажетті анықтамалар мен мәліметтерді кез келген уақытта және кез келген жерде, ХҚКО-ға бармай-ақ алуға мүмкіндік береді.
Бұл сіз үшін нені білдіреді?
Енді ХҚКО-ға баруға уақыт жоғалтудың қажеті жоқ! Барлық қажетті анықтамалар мен мәліметтерді eGov порталы немесе Egov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн алыңыз. Бұл мемлекеттік қызметтерді алу процесін едәуір жеделдетіп, қолайлылығын арттырады.
Қазіргі уақытта eGov электрондық үкімет порталында үшінші тұлғалар туралы мәліметтерді алу сервисі жұмыс істейді, ол пайдаланушыларға халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) жеке бармай-ақ қажетті ақпаратты сұратуға мүмкіндік береді.
БЖЗҚ – ның қызмет көрсету сапасын қалай бағалайсыз?
Сауалнамаға қатысып, қызмет көрсету сапасын жақсартуға үлес қосыңыз!
Сауалнамаға қатысу үшін, сілтемеге өтіңіз
https://www.enpf.kz/ru/control/survey.php
Осы мәселе бойынша кеңес алу үшін әлеуметтік желілерге немесе БЖЗҚ байланыс орталығына хабарласыңыз - 1418.
Қаражатыңызды қайтарып алуға асығыңыз!
Егер сіз Біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге пайдаланған болсаңыз және сол сомаға ЖТС (жеке табыс салығы) ұсталса – сіз үшін маңызды жаңалық бар!
Егер сіз әлеуметтік осал санатқа жататын болсаңыз, ұсталған ЖТС қайтаруға құқығыңыз бар.
Ең бастысы – өтініш беру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды!
(бұрын 3 жыл болатын – көп адам үлгермей қалған)
Кімдер салықты қайтара алады?
Егер сіз төмендегі санаттардың біріне кірсеңіз:
•1, 2 немесе 3 топтағы мүгедектігі бар адам
•Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ана, қорғаншы немесе қамқоршы
•Асырап алушы
– Соғыс ардагері (толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген)
Салықты қалай қайтаруға болады?
•Жақын жердегі БЖЗҚ филиалына барыңыз;
•Өтініш толтырыңыз;
•Құжаттарыңызды өткізіңіз;
•Егер салық бұрын ұсталған болса, ЖТС жеке зейнетақы шотыңызға қайтарылады.
Ал егер салық кейінге қалдырылған болса, оны төлеудің қажеті болмайды.
Мерзімі – 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді.
📲 Толығырақ – enpf.kz сайтында.
Осы мәселе бойынша кеңес алу үшін әлеуметтік желілерге немесе БЖЗҚ байланыс орталығына хабарласыңыз - 1418.
Еңбек кітапшасы кімдерге қажет?
Бүгінде еңбек кітапшасы қажет пе? Зейнетақыны есептеу үшін еңбек өтілін кім және қалай растауы тиіс?
Зейнет жасына жақындаған азаматтар үшін еңбек кітапшасының қажеттілігі туралы сұрақ өзекті болып қала бермек. Қазіргі таңда еңбек өтілі электронды форматта тіркеледі, алайда кейбір жағдайларда қағаз құжаттар да маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің нормаларына сәйкес, еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады. Егер еңбек кітапшасы болмаса немесе онда қажетті жазбалар жоқ болса, еңбек өтілі жұмыс туралы мәліметтерді растайтын құжаттармен немесе сот шешімімен белгіленеді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек қызметін растау ретінде міндетті зейнетақы жарналарының тұрақты аударымдарын көрсететін жеке зейнетақы шотынан алынған үзінді де қабылданады.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда еңбек қызметінің электрондық есебі енгізілді. Еңбек шарттарының жасалуы мен бұзылуы туралы барлық мәліметтер Бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу жүйесіне автоматты түрде түседі.
Еңбек кітапшасын сақтау қажет пе?
Жоғарыда айтылғандай, еңбек кітапшасы базалық және ынтымақты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілін растауға қажет болуы мүмкін.
Осы мәселе бойынша кеңес алу үшін әлеуметтік желілерге немесе БЖЗҚ байланыс орталығына хабарласыңыз - 1418.
Неліктен БЖЗҚ дербес деректерді өңдеуге келісім сұрайды?
Қазір мемлекеттік немесе қаржылық қызметтерді алу кезінде азаматтардан дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім сұралады.
Сол себепті БЖЗҚ Жеке кабинетіне алғаш кірген кезде сізден бір реттік келісім алады.
– БЖЗҚ деректерді зейнетақы қызметтерін көрсету үшін пайдаланады;
– Мәліметтерді құпия әрі қауіпсіз түрде сақтайды;
– Жеке деректер тек ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда беріледі.
Келісім бере отырып:
– Құжат көшірмелерін ұсынбайсыз;
– Мәліметтер автоматты түрде жаңарып отырады.
– Қызмет көрсету жылдам әрі ыңғайлы болады.
Осы мәселе бойынша кеңес алу үшін әлеуметтік желілерге немесе БЖЗҚ байланыс орталығына хабарласыңыз - 1418