Құрметті Атбасар ауданының Новосельское аулының тұрғындары!
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін 2026 жылғы 18 мамыр күні сағат 14.00-де Новосельское ауылының мәдениет үйінің ғимаратында Атбасар ауданың әкімі К. Ғ. Әлімжановтың Новосельское ауылының халқымен кездесуі өткізіледі.
Халықпен кездесу өткізгеннен кейін мәдениет үйінің ғимаратында Атбасар ауданы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады.
Атбасар ауданы Новосельское ауыл әкімінің аппараты
Ақмола облысындағы «Құқықтық кабинеттердің» қызмет етуі бойынша арнайы сайттарда және әлеуметтік желілерде, баспа БАҚ-да( ТВ, баспа беттерінде, ақпараттық орталдарда, радио)жариялау үшін
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті Ақмола облысы Атбасар ауданы Новосельское ауылының тұрғындары!
Ақмола облысы Атбасар ауданы Новосельское ауылының азаматтардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» қызмет атқарады.
«Құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет» ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov», «e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
Құрметті азаматтар Атбасар ауданы Новосельское ауылының құқықтық сұрақтар туындаған кезде Сіз (Новосельское ауылы, дүйсенбі-жұма, 9.00-ден 13.00-ге дейін, 14.30-дан 18.30-ға дейін) мекенжайы бойынша көрсетілген құқықтық кабинетті қолдана аласыз.
«Құқық кабинеті» - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс- шаралар жоспары» № 899 бұйрығына сәйкес «Атбасар ауданы Новосельское ауылы әкімінің аппараты» ММ- сінде «Е-gov» өзіне- өзі қызмет көрсету бұрышының базасында «Құқық кабинеті» жұмыс жасайды. Жұмыс кестесі сағат 9.00 - ден 18.30 -ға дейін жұмыс күндері.Кабинет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне, « Заң» деректер базасына, сондай- ақ халықпен өзара іс -қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (e-otinish, E-gov,«Ашық НПА» порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютермен (принтер, телефон,веб-камера) жабдықталған.
2023 жылдан бастап «Қазпошта» АҚ (бұдан әрі – Қазпошта) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қолдауымен ауылдық жерлерде халықтың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз етіп келеді.
«Қазпошта» АҚ республикадағы шалғай және қиын қолжетімді ауылдық елді мекендерде баламалы қызмет көрсету арналары жоқ жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсететін жалғыз ұйым болып табылады.
«Қазпошта»АҚ пошта бөлімшесі Мариновка ауылдық округі, Мариновка ауылы, Жеңіс көшесі 63-үй мекенжайы бойынша орналасқан, жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сұранысына жүргізілген талдау нәтижесінде өздігінен қызмет көрсету секторы арқылы қолжетімді ең танымал 15 қызмет анықталды. Сондай-ақ, бүкіл ел аумағында жүргізілген сауалнама көрсеткендей, азаматтардың шамамен 80%-ы мынадай анықтамаларды алу үшін жүгінеді, негізінен жұмысқа орналасу мақсатында:
Соттылығының жоқтығы туралы анықтама
Наркологтың динамикалық есебінде тұрмайтыны туралы анықтама
Мұрағаттық анықтамалар мен құжаттар
Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер
Құқықтық статистика органдары порталынан анықтама
Жылжымайтын мүлікке құқықтары туралы анықтама
Жылжымайтын мүліктің бар/жоқ екендігі туралы анықтама
Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер
Банк несиелерінен ерікті түрде бас тарту
Несие тарихы
Поликлиникаға тіркелу
Әкімшілік құқық бұзушылықтар есебі бойынша мәліметтер
Зейнетақы қаражаты туралы ақпарат
Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы мәліметтер
Енді осы қызметтердің барлығын тек eGov порталы арқылы ғана емес, сондай-ақ Egov Mobile мобильді қосымшасы арқылы да қашықтан алуға болады. Бұл азаматтарға қажетті анықтамалар мен мәліметтерді кез келген уақытта және кез келген жерде, ХҚКО-ға бармай-ақ алуға мүмкіндік береді.
Бұл сіз үшін нені білдіреді?
Енді ХҚКО-ға баруға уақыт жоғалтудың қажеті жоқ! Барлық қажетті анықтамалар мен мәліметтерді eGov порталы немесе Egov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн алыңыз. Бұл мемлекеттік қызметтерді алу процесін едәуір жеделдетіп, қолайлылығын арттырады.
Қазіргі уақытта eGov электрондық үкімет порталында үшінші тұлғалар туралы мәліметтерді алу сервисі жұмыс істейді, ол пайдаланушыларға халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) жеке бармай-ақ қажетті ақпаратты сұратуға мүмкіндік береді.
Құрметті Отан қорғаушылар!
Сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Жеңіс күнінің ерекше датасы қарсаңында елімізде Отан қорғаушылар мекерекесінің аталып өтуінің өзіндік мәні бар. Біздің жас әскеріміз Ұлы Отан соғысында айбынды күрескен батырларымыздың даңқты дәстүрін жалғастырып келеді.
Осы күні мемлекеттің, қоғам мен әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Отанының тыныштығын күзеткен қорғаушыларға құрмет білдіреміз. Тәуелсіз мемлекетке мінсіз қызмет ету мен оны қорғау — әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Қай заманда болмасын Отанға деген құрмет, оның тағдырына жауапкершілік алу, оны қорғау үшін кез келген сәтте дайын болу басты құндылық болған және солай болып қала бермек. Бейбіт аспан астында Отанды қорғау дегеніміз – ел игілігі үшін адал еңбек ету, атадан келе жатқан дәстүрге құрмет.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді атаулы мерекелеріңізбен құттықтаймыз, сіздерге бақыт тілейміз, еліміз тыныш, отбасыларыңыз аман болсын. Көк байрағымыз желбіреп, Тәуелсіздігіміз нығая берсін.
Құрметті жерлестер!
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн еліміздің әр азаматы үшін Отанға деген сүйіспеншілік белгісі, дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығының, әрбір қазақстандықтың шынайы патриотизмінің бейнесі болып табылады.
Біз өз бабаларымыздың тарихына жүгінеміз, достықтың, бейбітшіліктің және өзара түсінушіліктің ерекше атмосферасын, көп ұлтты халқымыздың бірлігі мен татулығын мақтан тұтамыз.
Осы атаулы күні сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, табыс және көктемгі көңіл-күй тілейміз!
Әр үйде жайшылық пен молшылық, бақыт пен амандық, энергия мен оптимизм болсын, жүректеріңіз жылу мен қуанышқа, жақсылық пен өзара түсінушілікке толсын!
Құрметті Атбасар ауданының тұрғындары!
Мүгедектігі бар адамдар және басқа да тұлғалар (Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941ж. 22 маусым – 1945ж. 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар)) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсеткені үшін ақы төлеуден босатылады, Кодекстің 182-бабының 1-тармағы және Әділет министрінің 25.02.2015ж. №112 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жоюды ұйымдастыру» туралы қағидасы сәйкес.