
6 мамырда Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов Макеевка ауылдық округі Шуйское ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізді.
Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Н.Б. Рахимов, сондай-ақ Атбасар ауданы бойынша полиция бөлімінің бастығы Р. Ж. Маташев қатысты.
Кездесу барысында Аманбек Қалжанов ауыл тұрғындарын 1 - ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы хабардар етті, сондай-ақ ауылдағы проблемалық мәселелерді талқылап, қарады.