
Ақмола облысында өңірлік кадр резервіне өтінімдер қабылдау басталды.
Өңірлік кадр резервіне алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру.
Іріктеуге қатысу үшін кандидаттар 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) https://onir.pkrezerv.gov.kz/ онлайн-платформасында тіркеліп, қажетті құжаттарды жүктеп, салалық бағытты таңдап, өтінім жіберуі тиіс.
Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады. Құжаттар aqmola@onir.pkrezerv.gov.kz электрондық почтаcы арқылы немесе Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87, 3 қабат мекенжайы бойынша қабылданады. Құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде ұсынған кандидаттар да онлайн-платформада тіркеліп, құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ а.ж. 31 наурыздан кешіктірмей жүктеуі тиіс.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді онлайн-платформадан, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсынан https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=ru, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан https://www.instagram.com/elgeqyzmet.aqmola/) және 8 (7162) 51 81 32, 51 81 17 телефондары арқылы алуға болады.
@aqmola_region
@aqmola.onir.rezerv.kz
@elgeqyzmet.aqmola