Атбасар қаласының әкімдігі 3 қыркүйек күні сағат 16.00-де Атбасар қаласы әкімінің қабинетінде жергілікті қоғамдыстық жиналысы өткізілетіндігі жайлы хабарлайды.
24 шілдеден бастап Атбасар қаласында аумақтарды абаттандыру байқауы жарияланды. Байқаудың басты мақсаты-қаламызды таза, жайлы және көрікті ету, бастамашыл тұрғындарды, еңбек ұжымдарын, өз аулалары мен іргелес аумақтарды абаттандыруға үлес қосатын ұйымдар мен кәсіпкерлерді қолдау болып табылады.
Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталмақ :
"Жеке тұрғын үй құрылысының үздік ауласы";
"Көп пәтерлі тұрғын үйдін МИБ-і";
" Көп пәтерлі тұрғын үйдін үздік кіребересі";
"Мемлекеттік мекемелер арасында абаттандырудың үздік ұйымдастырылуы";
" Заңды тұлғалар арасында абаттандырудың үздік ұйымдастырылуы";
"Жеке кәсіпкерлер арасында абаттандырудың үздік ұйымдастырылуы"
Сайысқа қатысты сұрақтар бойынша 2-44-22 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Құрметті Атбасар ауданының тұрғындары!
"Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты" ММ келесіні хабарлайды. 2025 жылғы 1-30 наурызы аралығында Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсында 2024 жылғы ауданның атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептерді жария талқылау өткізіледі.
«Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы №19 бұйрығына, сәйкес, 14-2-тармақ, халық қатысатын бюджеті ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын және халық саны 10000 адамнан асатын аудандық маңызы бар қалаларда іске асырылады.
«Халық қатысатын Бюджет» (бұдан әрі - ХҚБ) – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде азаматтардың бюджет процесіне кеңейтілген қатысу құралдарының бірі болып табылады, ХҚБ сонымен қатар қоғамдық бастамаларды ілгерілету құралы және қалада болып жатқан өзгерістерді Азаматтық бақылау тәсілі болып табылады.
Әкімдік үшін бұл аудандардың негізгі проблемаларын түсінуге, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында басымдықтарды айқындауға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл аумақтарды тиімді басқару үшін қала тұрғындары мен жергілікті билік органдарының диалогын қамтиды. Осылайша, тұрғындар өз бастамаларын ілгерілетуге және өз ауданының, көшесінің, көппәтерлі тұрғын үй ауласының аумағын абаттандыруға қатысуға мүмкіндік алады.
Атбасар ауданы әкімінің ресми сайтына қаланы абаттандыру бойынша 6 жобалық ұсыныс түсті. Сараптамалық кеңестің өткен отырысында дауыс беруге 5 жобалық ұсыныс жіберілді.
5 жобалық ұсыныстың үздігі үшін Сіз Атбасар ауданы әкімінің ресми сайтында «Халық қатысатын бюджет» кіші бөлімінде сілтеме бойынша дауыс бере аласыз https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar/bnu/779?lang=ru
«ТҮМ Атбасар коммуналды қызметтер сервис» ЖШС сізге 2024 жылғы 11.03.бастап жеке секторды қоса алғанда, қаланың барлық тұрғындарының дербес шоттарын көрсете отырып, Халық банкінің қосымшасы арқылы төлемдер қабылданатынын хабарлайды. Есептеу Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 тамыздағы № 7С 22/6 шешімімен бекітілген және Әділет министрлігінде тіркелген тарифтерге сәйкес жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, қала алаңдары жоқ жеке секторда апта сайын дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 9:30-дан 13:00-ге дейін ауладан ҚТҚ толған қапшықтар шығарылады. Қалдықтардың басқа түрлері, мысалы, терілер, қождар, бұтақтар, көң, ірі көлемді қоқыс (дивандар, тоңазытқыштар, теледидарлар және т.б.) және т. б. тұрмыстық қалдықтарға жатпайды және бөлек ақы төленген жағдайда шығарылады.
Тұрғындардан сұрайтынымыз, бұл жағдайға түсіністік қарасаңыздар және Экологиялық кодекс пен жария шартқа сәйкес, қарыздарыңыз төленбеген жағдайда берешекті өндіріп алу сот тәртібімен жүргізілетін болады.
Анықтама алу үшін мына телефон нөміріне қоңырау шала аласыз :
2-00-66, 8 708 423 53 01.
«Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты» ММ автокөлік иелеріне, 2024 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеу мерзімі туралы еске салады
* Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі:
ҚР Салық кодексінің 494-бабының 4-тармағына сәйкес: жеке тұлғалардың салықты төлеуі тұрғылықты жері бойынша бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Көлік салығы меншік құқығы алынған айдың 1-күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейін, яғни ағымдағы жылдың соңына дейін не меншік құқығы берілген айдың 1-күніне дейін иеленудің нақты кезеңі үшін есептеледі.
Осылайша, егер көлік құралы 2023 жыл ішінде есептен шығарылған жағдайда, салық төлеушіде көлік құралы уәкілетті органда есепте тұрған кезең үшін салық төлеу бойынша міндеттеме қалады.
Автокөлікті «сенімхат бойынша» сату кезінде салық төлеуді авто иесі жүзеге асырады. Не нақты пайдаланушы салықты меншік иесінің атынан төлей алады (бұл ретте төлемді жөнелтуші бөлімінде автокөлік ресімделген адамның ЖСН және ТАӘ көрсету қажет).
Автокөлікті сенімхат бойынша сатуға байланысты көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешекті есептеуді болдырмау үшін жаңа меншік иесіне меншік құқығын тіркеу қажет.
* Көлік салығын есептеу:
Көлік құралдарына салынатын салық сомасын «Электрондық қызметтер» бөлімінде kdg.gov.kz сайтындағы онлайн калькулятор арқылы дербес есептеуге болады және «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында «Калькулятор» бөлімінде.
Салық органдары көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар автоматтандырылған режимде ұсынатын мәліметтер негізінде салықты есептеуді жүргізеді.
Салықтың есептелген сомалары бойынша ақпарат «Каспий банк»АҚ және «Халық банк» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберілетін болады.
Салық сомасын Атбасар ауданы бойынша МКБ (салық) 2-63-42 телефоны арқылы хабарласып білуге болады.
Сондай-ақ, салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz web-порталында «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейдегі банктер («Каспий банк» АҚ, «Халық банк»АҚ) мобильді қосымшаларында орналастырылатын болады.
1) «E-Salyq Azamat»қосымшасының көмегімен:
Ол үшін ЖСН және телефон нөмірі бойынша тіркеуден өтіп, одан әрі «Салық әмияны» - «Бюджетпен есеп айырысу» - «Алдағы төлемдер» қосымша бетіне өту қажет - автомобильдің VIN-кодын енгізу – мемлекеттік кіріс органын таңдау (Атбасар қаласының тұрғындары үшін – «Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты» ММ) – картаны таңдау төлем үшін;
2) Интернет-банкинг («Халық банкі» АҚ, «Kaspi Bank»АҚ):
«Халық банкі» АҚ қосымшасы «Homebank.kz» - «Төлемдер» - «Барлық төлемдер» - «Салықтар, айыппұлдар, ХҚКО қызметтері» - «Салықтар» қосымша бетке өтесіз.
«Kaspi Bank» АҚ қосымшасы – «Төлемдер» - «Барлық төлемдер» - «Айыппұлдар мен салықтар» - «Салықтар» қосымша бетіне өту.
3) банкоматтар арқылы;
4) «Қазпошта» АҚ барлық бөлімшелерінде;
5) Екінші деңгейдегі банктерде («Халық банкі» АҚ және т. б.);
* Салық төлеу мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілік:
Көлік құралдарына салынатын салық төленбеген жағдайда, салық төлемеген адамдарға қатысты материалдар сотқа беріледі, ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік айыппұл салынады, ҚР шегінен тыс жерлерге шығуы шектеледі, сондай-ақ банк шоттары бойынша операциялар тоқтатылады.
Аталған кезеңде аталған елді мекендердің жанында жарылыстар естіледі, ал жергілікті жерлерде жарылыстар мен өзендердің ашық учаскелерінде мұз кесектерінің үйінділері болады.
Осыған байланысты, Сіздерден дүрбелеңге түспеуіңізді сұраймыз, бұл іс-шаралар су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде, кептеліс құбылыстарын азайту және су тасқынын кедергісіз өткізу үшін өткізіледі!
Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында осы учаскелерде және олардың маңында жарылыс жұмыстарын жүргізгеннен кейін мұз үстімен жүруге тыйым салынады!
Ата-аналардан, балаларға бақылау жүргізуді күшейтуді сұраймыз. Мұз жарылысы кезінде балаларды ересектердің бақылауынсыз өзенге жібермеңіз.
Төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.