2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
«Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты» ММ
қызметі туралы есеп.
1. Жалпы ережелер.
«Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты»ММ қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.
«Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетті:
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
«Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегінде жер учаскесіне құқықтар алу»;
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;
«Жер учаскесін алу үшін кезекке»;
«Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту».
2024 жылы Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппаратымен жергілікті атқарушы органмен 136 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» -38 қызмет көрсетілді, жеке тұлғалар-36, заңды тұлғалар-2;
«Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» (2 кезең) - 68 қызмет көрсетілді, жеке тұлғалар-67, заңды тұлғалар-1;
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» (2 кезең) – 8 қызмет көрсетілді, жеке тұлғалар-2, заңды тұлғалар – 6;
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» - 5 қызмет көрсетілді, жеке тұлғалар-5;
«Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» – 17 қызмет көрсетілді, Жеке тұлғалар – 15, заңды тұлғалар-2.
- оның ішінде ақылы негізде – 0 мемлекеттік қызмет көрсетілді, тегін негізде-136;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 0; қағаз нысандағы мемлекеттік қызметтер саны-22;
ЭҮП электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-114; Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны-44; Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-6 (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары бар. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 болып тіркелді).
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
«Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және
аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» - 68;
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 38.
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінің ресми сайтында және ресми беттерінде мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органның ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат орналастырылған.
Атбасар ауданы әкімінің ресми сайтында 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты»ММ қызметі туралы есеп жарияланды.
Халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуына ыңғайлы болу үшін Атбасар қаласы әкімі аппаратының ғимаратында компьютермен, принтермен, сканермен, веб камерамен, картридермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің ресми сайтында және парақшаларда «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, мерзімдері мен орнын түсіндіру бойынша мақалалар жарияланды.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында «Атбасар қаласы әкімінің аппараты» ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған стендтер бар.
Халықты электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алуға тарту мақсатында тұрақты негізде «цифрлық құжаттар әрқашан қолжетімді» тақырыбы бойынша жеке тұрған металл конструкцияда Атбасар қаласының перевалочной көшесі бойында «Билборд»орналастырылған түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі.
Сондай-ақ, «Егер сізге Мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе», «EgovKzBot2.0»ролл апалары орнатылды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
2024 жылы жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерге техникалық оқыту жүргізілді, оқытудан 2 қызметкер өтті (100%). Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекеттеріне шағымдану болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілмеген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Атбасар қаласы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2024 жылы көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері. «Атбасар ауданының мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізу барысында бір заң бұзушылық анықталып, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, түсіндірме хат жолданды.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау
жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жүзеге асырылмаған.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері бойынша бұзушылықтар жоқ.
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органның алдына мынадай міндеттер қойылды:
- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;
- мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);
- мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стенділерді жаңарту, әлеуметтік желілер беттерінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды уақтылы жариялау;
- «Электрондық үкімет»порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- клиентке бағдарлану-көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.
Атбасар қаласының әкімі А.Қаиржан
Мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша
2024 жылғы қызмет есебіне қосымша
«Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты» ММ бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағымданушы туралы мәліметтер |
Шағымның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |