GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Қызметі
Все материалы
03 ноября 2025
Атбасар ауданындағы «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат

Атбасар ауданындағы «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат

 

«Қазпошта» АҚ, Қазақстан Республикасы жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті және «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бірлескен жобасын іске асыру шеңберінде ауылдық жерлердегі халықтың пошта байланысы бөлімшелері арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

«Қазпошта» АҚ қызмет көрсетудің баламалы арналары жоқ Қазақстан Республикасының шалғайдағы және жету қиын ауылдық елді мекендерінде мемлекеттік қызметтер көрсететін жалғыз ұйым болып табылады.

Қазіргі уақытта жоба Ақмола облысын қоса алғанда, еліміздің 11 облысында 200 ауылдық пошта байланысы бөлімшесін қамтиды.

Ақмола облысында ауылдық почта байланысы бөлімшелері (СОПС) арқылы мемлекеттік қызметтер келесі мекенжайлар бойынша қолжетімді:

 

Астана поштамты

Ерейментау АПБТ

Тайбай АПББ

дүйсенбі-бейсенбі: 10:00-16:00   жұма: 10:00-14:00                Үзіліс 13:00-14:00                                      сенбі-жексенбі - демалыс

Тайбай ауылы, Сарыарқа көшесі 53

Астана поштамты

Ерейментау АПБТ

(Новомарковка) Майлан АПББ

дүйсенбі-жұма: 10:00-16:00                             Үзіліс 13:00-14:00;                                                                  сенбі-жексенбі - демалыс

(Новомарковка) Майлан ауылы , Целинный көшесі 18

Астана поштамты

Ерейментау АПБТ

Еркіншілік АПББ

дүйсенбі-жұма: 09:00-15:30 Үзіліс 13:00-14:00  сенбі-жексенбі - демалыс

Еркіншілік ауылы,  Досмағамбетұлы көшесі 33

Астана поштамты

Ерейментау АПБТ

Үленты АПББ

дүйсенбі - бейсенбі: 09:00-15:00 жұма: 09:00-13:00  Үзіліс 13:00-14:00    сенбі-жексенбі - демалыс

Үленты ауылы, Тын көшесі 1А 

Астана поштамты

Қорғалжын АПБТ

Шалқар АПББ

дүйсенбі-бейсенбі: 09:00-15:00  Үзіліс 13:00-14:00   жұма: 09:00-13:00       сенбі-жексенбі - демалыс

Шалқар ауылы, Абай көшесі 34

Астана поштамты

Шортанды АПБТ

Бозайғыр АПББ

дүйсенбі-бейсенбі 09:00-16:30   жұма 09:00-16:00   Үзіліс 13:00-14:00     сенбі-жексенбі - демалыс

Бозайғыр ауылы , Лян көшесі 43

Астана поштамты

Астана поштамты

Түрген АПББ

дүйсенбі-бейсенбі: 10:00-16:00   Үзіліс 13:00-14:00     жұма: 10:00-14:00    сенбі-жексенбі - демалыс

Түрген ауылы,  Жастар көшесі 19

Астана поштамты

Астана поштамты

Константиновка АПББ

дүйсенбі-бейсенбі: 10:00-16:00   Үзіліс 13:00-14:00     жұма: 10:00-14:00    сенбі-жексенбі - демалыс

Константиновка ауылы, Центральный көшесі 47

Астана поштамты

Астана поштамты

Арайлы АПББ

дүйсенбі-жұма: 09:00-18:00    Үзіліс 13:00-14:00    сенбі-жексенбі - демалыс

Арайлы ауылы, Гагарин көшесі 26

Астана поштамты

Астана поштамты

Жаңаесіл АПББ

дүйсенбі-жұма: 09:00-17:00    Үзіліс 13:00-14:00    сенбі-жексенбі - демалыс

Жаңаесіл ауылы, Достық көшесі 5

Астана поштамты

Астана поштамты

Родина АПББ

дүйсенбі-жұма: 09:00-17:00    Үзіліс 13:00-14:00    сенбі-жексенбі - демалыс

Родина ауылы, Центральный көшесі 6

Астана поштамты

Астана поштамты

Қабанбай батыр АПББ

дүйсенбі-жұма: 09:00-18:00    Үзіліс 13:00-14:00    сенбі-жексенбі - демалыс

Қабанбай батыр ауылы, Ынтымақ көшесі 5

Астана поштамты

Астана поштамты

Софиевка АПББ

дүйсенбі-жұма: 09:00-18:00    Үзіліс 13:00-14:00    сенбі-жексенбі - демалыс

Софиевка ауылы, Центральный көшесі 5

Астана поштамты

Целиноград АПБТ

Қаратөткел АПББ

дүйсенбі-жұма: 09:00-18:00    Үзіліс 13:00-14:00    сенбі-жексенбі - демалыс

Қараөткел ауылы, Мұстафа Шоқай көшесі 1

 

Қол жетімді Мемлекеттік қызметтер тізбесі туралы кеңестер мен қосымша ақпарат алу үшін аудан тұрғындары аталған бөлімшелерге жүгіне алады немесе «Қазпошта» АҚ ресми сайтына кіре алады.

Мемлекеттік қызметтер
02 октября 2025
Мемлекеттік қызметтерді eGov порталы мен Egov Mobile мобильді қосымшасы арқылы алу процесінің жаңартылуы

Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сұранысына жүргізілген талдау нәтижесінде өздігінен қызмет көрсету секторы арқылы қолжетімді ең танымал 15 қызмет анықталды. Сондай-ақ, бүкіл ел аумағында жүргізілген сауалнама көрсеткендей, азаматтардың шамамен 80%-ы мынадай анықтамаларды алу үшін жүгінеді, негізінен жұмысқа орналасу мақсатында:

Соттылығының жоқтығы туралы анықтама

Наркологтың динамикалық есебінде тұрмайтыны туралы анықтама

Мұрағаттық анықтамалар мен құжаттар

Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер

Құқықтық статистика органдары порталынан анықтама

Жылжымайтын мүлікке құқықтары туралы анықтама

Жылжымайтын мүліктің бар/жоқ екендігі туралы анықтама

Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер

Банк несиелерінен ерікті түрде бас тарту

Несие тарихы

Поликлиникаға тіркелу

Әкімшілік құқық бұзушылықтар есебі бойынша мәліметтер

Зейнетақы қаражаты туралы ақпарат

Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы мәліметтер

Енді осы қызметтердің барлығын тек eGov порталы арқылы ғана емес, сондай-ақ Egov Mobile мобильді қосымшасы арқылы да қашықтан алуға болады. Бұл азаматтарға қажетті анықтамалар мен мәліметтерді кез келген уақытта және кез келген жерде, ХҚКО-ға бармай-ақ алуға мүмкіндік береді.

Бұл сіз үшін нені білдіреді?

Енді ХҚКО-ға баруға уақыт жоғалтудың қажеті жоқ! Барлық қажетті анықтамалар мен мәліметтерді eGov порталы немесе Egov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн алыңыз. Бұл мемлекеттік қызметтерді алу процесін едәуір жеделдетіп, қолайлылығын арттырады.

Қазіргі уақытта eGov электрондық үкімет порталында үшінші тұлғалар туралы мәліметтерді алу сервисі жұмыс істейді, ол пайдаланушыларға халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) жеке бармай-ақ қажетті ақпаратты сұратуға мүмкіндік береді.

17 июня 2025
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша Атбасар ауданы әкімдігі конкурс

Ақан Құрманов ауылдық округі әкімі аппаратының

жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау

КЕСТЕСІ

Ауылдық округ әкімі

Азамандарды қабылдау: дүйсенбі күні сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін

Әкім аппаратының мамандары

Азамандарды қабылдау: жұмыс күндері күн сайын сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін
Түскі үзіліс: 13:00-тен 14:30-ға дейін

Жер қатынастары
23 декабря 2024
Шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс

Конкурс өткізу туралы хабарлама.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша Атбасар ауданы әкімдігі конкурс өткізіледі.

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі.

№

п/п

Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округтен арақашықтығы км, жер учаскесінің   лот № )

Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі оның ішінде

 

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Жалпы аудаңы, га. Жалға беру мерзімі, жыл

Алқаптардың құрамы,

оның ішінде

Топырақтың сапалық сипаттамасы, ауыл шаруашылығы танаптары  орташа балл бонитет

Сумен қамтамасыз етілуі

Егістік

Жайылымдық

1

Ақан Құрманов уылдық округі әкімшілік шекарасында (қашықтығы 17,5 км, № 1 ЛОТ)

Шаруа немесе фермер қожалығы, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Өсімдік шаруашылығы

100,0 га

 

20 жыл

100,0 га

 

 

(35,0) топырақ түрі қара қоңыр

Суландырылмаған

ЕСКЕРТПЕ:

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;  2)  конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау міндеттемелер;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, және жайылымдарды ұтымды пайдалану Қағидаларын, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады. Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын жеке тұлғаларға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түріндегі артықшылық беріледі, бұл ретте бұл адамдар тұру фактісін растауға, конкурстық өтінімді толтыру кезінде тұру уақытын көрсете отырып, тұрғылықты жерін көрсетуге тиіс. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 5 балл беру түрінде артықшылық беріледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 қаңтарды қоса алғанда жүргізіледі. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу жүргізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурс 2025 жылғы 03 ақпанда сағат 10:00 - ден басталады (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) жарияланады Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Шөкан Валиханов көшесі, 9, 4 қабат, кіші мәжіліс залы мекенжайы бойынша шығарылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Атбасар ауданы әкімдігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar интернет-ресурстарынан немесе «Атбасар ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі»ММ-нің телефондар бойынша алуға болады: 8 (71643) 2-43-71, 2-49-13.

 

29 мая 2024
Судағы өзін-өзі ұстау ережелері

Құрметті ата-аналар!

Су айдындарындағы балалардың өмір қауіпсіздігі көптеген жағдайларда сізге байланысты!

Ыстық ауа-райының басталуына байланысты жазғы кезеңде су айдындарында балалардың қаза болуына жол бермеу мақсатында Сізге: табиғи және жасанды су айдындарында жүріс-тұрыс ережелері және оларды бұзудың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы сенімді өтінішпен жүгінеміз.

Осымен сіз балаларыңыздың судағы жазатайым оқиғаларын ескертесіз, бұл сіздің балаларыңыздың бүгін және ертеңгі өміріне байланысты.

Шомылуға қатаң тыйым салынады:

ересектердің қадағалауынсыз балалар;

бейтаныс жерлерде;

үрлемелі матрацтарда, камераларда және басқа жүзу құралдарында (ересектердің бақылауынсыз).

 

Келесі ережелерді сақтау қажет:

* Суға түспес бұрын, бірнеше жеңіл жаттығулармен жылыныңыз.

* Судың температурасы денеге ыңғайлы екеніне көз жеткізіп, суға біртіндеп кіріңіз (белгіленген нормадан төмен емес).

* Резервуардың тереңдігі жеткіліксіз болған кезде, зерттелмеген түбімен (әсіресе басын төмен қаратып) сүңгуге болмайды!), басқа жүзушілердің жанында болған кезде.

* Шомылу ұзақтығы-30 минуттан аспайды, судың төмен температурасында-5-6 минуттан аспайды.

* Табиғи су қоймасында шомылу кезінде белгіленген қоршау белгілері үшін жүзбеңіз, моторлы қайықтарға және басқа жүзу құралдарына жақын жүзбеңіз.

* Қызып кетпес үшін жағажайда бас киіммен демалыңыз.

* Негізсіз тәуекел жағдайларына, суда еркелікке жол бермеңіз.

Есіңізде болсын!

Судағы қауіпсіз мінез-құлық шараларын қатаң сақтау ғана апаттың алдын алады.

23 апреля 2024
Халықпен тұрақты кездесу

23.04.2024 жылы ауылдық округ әкімінің Қосбармақ, Қаракөл ауылдарының тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтті.

Жер қатынастары
02 апреля 2024
Жер учаскелерін беру жөніндегі жер комиссиясы

2024 жылғы 04 сәуірде сағат 10: 00-де шаруа немесе фермер қожалығы, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін беру жөніндегі жер комиссиясының отырысы өтеді. Мекен-жайы: Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 9, 4 қабат, кіші зал.

15 марта 2024
Қайырымдылық

Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңартылған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында "Қазақстан халқына" Қоғамдық Қоры Қазақстанның барлық өңірлерінде "жазғы жолдама 2024"қайырымдылық жобасын іске қосады.
2024 жылғы 15 наурызда Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімі  "Қазақстан халқына" қоғамдық қорынан Наурыз мерекесі аясында балаларды жазғы демалыспен қамтамасыз ету мақсатында сертификат табыс етті. "Ақан Құрманов ауылының ЖББМ" КММ
"Қазақстан халқына" қоғамдық қорына қоғамдық және қайырымдылық істерде көрсеткен белсенділігі үшін алғыс білдіреді, дені сау ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегіңізді жоғары бағалаймыз!Сіздің адами құндылықтарыңыз ешқашан жақсы жүректеріңізден таусылмасын! Наурыз мерекесімен!

11 марта 2024
Маңызды ақпарат!!!!!

Құрметті Атбасар ауданының тұрғындары!


Мүгедектігі бар адамдар және басқа да тұлғалар (Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941ж. 22 маусым – 1945ж. 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар)) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсеткені үшін ақы төлеуден босатылады, Кодекстің 182-бабының 1-тармағы және Әділет министрінің 25.02.2015ж. №112 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жоюды ұйымдастыру» туралы қағидасы сәйкес.

Жер қатынастары
07 марта 2024
Жер учаскелерін беру жөніндегі жер комиссиясы

2024 жылғы 12 наурызда сағат 10: 00-де шаруа немесе фермер қожалығы, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін беру жөніндегі жер комиссиясының отырысы өтеді. Мекен-жайы: Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 9, 4 қабат, кіші зал.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы