ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті Ақмола облысы Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округінің тұрғындары!
Ақмола облысының Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округінің азаматтардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» қызмет атқарады.
«Құқық кабинеттері»,«өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет» ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov»,«e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
Құрметті азаматтар Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі құқықтық сұрақтар туындаған кезде Сіз Атбасар ауданы, Ақан Құрманов ауылдық округі, Бәйтерек көшесі, 6 ғимарат мекенжайы бойынша сағат 09: 00-ден 18:30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13:00-ден 14: 30-ға дейін көрсетілген құқықтық кабинетті қолдана аласыз.