"Құқық кабинеті" - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 899 бұйрығымен бекітілген "2024 - 2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары жөніндегі іс-шаралар жоспарына" сәйкес "Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ ғимаратында "Е-gov" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының базасында "Құқық кабинеті" жұмыс істейді.
Жұмыс уақыты жұмыс күндері 9-00-ден 18-30-ға дейін.
Кабинет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін "Әділет" ақпараттық-құқықтық базасына және "ҚР ЭКБ" дерекқорына қолжетімділігі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл бойынша ақпараттық жүйелеріне (е-otinish, EGOV, "Ашық НҚА" порталы және т. б.) қолжетімділігі бар компьютермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.