Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) және 5) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) және 5) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешені» туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/434 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

Қазақстан Республикасының сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенінде:

4.3-тармақтың бірінші-он екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«4.3. Жаттықтырушылар корпусын дайындау

Оқыту форматы: қашықтықтан, күндізгі және басқа да интерактивті оқыту нысандарын біріктіре отырып, сайлау заңнамасы, құқық қолдану және сайлау процесінің ерекшеліктері мәселелері бойынша теориялық дәрістерді де, практикалық сабақтарды да қамтитын мақсатты оқыту курстары мен семинар-тренингтердің циклдары.

Мақсатты оқыту курстары барлық таргет-топтар үшін тұрақты жұмыс істейтін жаттықтырушыларды оқытуды көздейді:

республикалық деңгейде:

- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, қалалардың, аудандардың және қаладағы аудандардың сайлауын ұйымдастырушыларды оқытуға арналған жаттықтырушылар (299 адам);

- мемлекеттік қызметшілерді оқытуға арналған жаттықтырушылар (220 адам);

- бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін оқытуға арналған жаттықтырушылар (65 адам, оның ішінде республикалық БАҚ өкілдері үшін 10 жаттықтырушы және өңірлік БАҚ өкілдері үшін 55 жаттықтырушы);

- саяси партиялар өкілдерін оқытуға арналған жаттықтырушылар (55 адам);

- үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін оқытуға арналған жаттықтырушылар (55 адам);

- электораттық заңгерлерді оқытуға арналған жаттықтырушылар (220 адам);

- өңірлік колл-орталықтардың қызметкерлерін оқытуға арналған жаттықтырушылар (200 адам);

- сұрау салу бойынша құқық қорғау және сот органдарының қызметкерлерін оқытуға арналған жаттықтырушылар (615 адам);

- жастар ұйымдарының өкілдерін оқытуға арналған жаттықтырушылар (55 адам)».

2. Осы қаулы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

Дата публикации
04 октября 2022
Дата обновления
04 октября 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
22 октября 2026
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА - ЖОЛ ЖОҚ!
Ақпарат
22 октября 2026
ҚР мәслихаттары депутаттарын сайлаудың негізгі кезеңдері
Ақпарат
22 октября 2026
Мәслихаттар депуттаттарының сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы