Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын 10 жыл мерзімге беру жөнінде конкурс өткізеді.

Хабарлама
Ақмола облысының Сандықтау ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын 10 жыл мерзімге беру жөнінде конкурс өткізеді.
Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды бастайды.
Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 11 шілдеден бастап 2022 жылғы 29 шілдеге дейінгі кезеңде Балқаш ауылы, Абылай хан көшесі, 117-үй мекенжайы бойынша жүзеге асырылады. Қорытынды шығарылған күн конкурстың аяқталған күні болып есептеледі. Конкурстың қорытындылары конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындылары 2022 жылғы 01 тамызда Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Абылай хан көшесі, 117, 1-қабат, отырыс залы мекенжайы бойынша шығарылатын болады.

№
р / с жер учаскесінің орналасқан жері лот №

Жер учаскесіне
ұсынылады: өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы жер учаскесінің жалпы алаңы, га жалдау мерзімі, жыл
Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамы, оның ішінде топырақтың сапалық сипаттамасы, (балл бонитеті) сумен қамтамасыз етілуі өзге
Егістік
Жайылым
Шабындық басқа жерлер
1 Веселов ауылдық округі
лот № 1 шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу Өсімдік шаруашылығы 58,0 га
10 жылға 58,0 га қара қоңыр топырақ,
(балл бонитеті 46,5) суланбаған
2 Васильев ауылдық округі
лот № 2 шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу Өсімдік шаруашылығы 93,0 га
10 жылға 93,0 га қара-қызғылт топырақ,
(балл бонитеті 50,7) суланбаған

3 Бірлік ауылдық округі
лот № 3 шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу Өсімдік шаруашылығы 100,0 га
10 жылға 100,0 га қара қоңыр топырақ,
(балл бонитеті 41,8) суланбаған
4 Широков ауылдық округі, № 4 лот шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу Өсімдік шаруашылығы 14,3 га
10 жылға 14,3 га қара-қызғылт топырақ,
(балл бонитеті 40,7) суланбаған
5 Широков ауылдық округі, № 5 лот шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу Өсімдік шаруашылығы 17,7 га
10 жылға 17,7 га қара-қызғылт топырақ,
(балл бонитеті 42,3) суланбаған
6 Широков ауылдық округі, № 6 лот шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу Мал шаруашылығы 98,0 га
10 жылға Табиғи 2,2 га қара-қызғылт топырақ,
(балл бонитеті 37,5) суланбаған
Жақсартылған 95,8 га
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) конкурсқа қатысуға өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
Конкурстық ұсыныста мыналар болуы тиіс:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы,құрылатын жұмыс орындарының саны) ;
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімде ҚР Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер болуы тиіс. Өтінімде өтініш берушінің жұбайының (зайыбының) шетелдік азаматтығы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.Жеке тұлғалардың, шаруа қожалықтарының өтінімдерінде өтініш беруші осы ауданда, ауылда, кентте қанша уақыт тұратынын көрсету қажет.
Өтініш беруші конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, онда соңғы беті жеке тұлғалар (немесе Сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе Сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Сандықтау ауданы, Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурстарынан алуға болады. http://sand.akmo.gov.kz/или тел.: 8(71640)9-13-56 "Сандықтау ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі"ММ.

Дата публикации
10 июня 2022
Дата обновления
10 июня 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
22 октября 2026
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА - ЖОЛ ЖОҚ!
Ақпарат
22 октября 2026
ҚР мәслихаттары депутаттарын сайлаудың негізгі кезеңдері
Ақпарат
22 октября 2026
Мәслихаттар депуттаттарының сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы