Меню

Страницы

Статья

«Дипломмен-ауылға» мемлекеттік бағдарламасы!

«Дипломмен-ауылға» мемлекеттік бағдарламасы!

 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы елімізде 13 жыл бойы іске асырылып келеді, ол ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері үшін енгізілді.

Жоба шеңберінде 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеу және 15 жылға дейінгі мерзімге 0,01% - бен берілетін 1500 АЕК-ке дейінгі мөлшерде тұрғын үйге бюджеттік кредит алу түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көзделеді. Жобаның басты шарты — қатысушы ауылдық жерлерде кемінде үш жыл жұмыс істеуі керек. Келісім бұзылған жағдайда, ол өзіне берілген әлеуметтік қолдау шараларын толық көлемде қайтаруға міндетті.

Бағдарламаның негізгі мақсаты ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген дипломды мамандарды ынталандыру және бекіту болып табылады. Кез келген адам қатысушы бола алады.

Жобаны іске асыру үшін 2022 жылы Астрахан ауданына республикалық бюджет қаражатынан 14 маманға бюджеттік кредит беру үшін 64,3 млн.теңге бөлінді, жалпы сомасы 6,1 млн. теңге 20 маман көтерме жәрдемақы алады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушыға қажет:

- Астрахан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында «Қызмет» бағытында, «Экономика» қосымша бетінде орналастырылған сұранысқа ие мамандықтар тізбесімен танысу;

- таңдалған ауылдық елді мекенде өз бетінше жұмыс табу;

- бюджеттік несие алу кезінде таңдалған елді мекеннен жылжымайтын мүлікті табу;

- және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (яғни ХҚКО) арқылы немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта ұсынуға болатын қажетті құжаттар топтамасын дайындау.

Көтерме жәрдемақы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

- өтініш нысан бойынша Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес ;

- жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

- білімі туралы дипломның көшірмесі;

- расталған еңбек кітапшасының көшірмесі жұмыс орны бойынша кадр қызметі.

Тұрғын үйге бюджеттік кредит алған кезде көрсетілетін қызметті алушы қосымша ұсынады:

- сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

- кредиттік бюродан есеп.

Өтініш оң қаралғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісін және сатып алынатын тұрғын үйдің құны берілетін бюджеттік кредит мөлшерінен асқан кезде қоса қаржыландыруға жазбаша келісім береді.

Бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі бар, сондай-ақ соңғы 2 (екі) жылда күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен көрсетілетін қызметті алушы әлеуметтік қолдау шараларын ұсынбайтынын ескеру қажет.

Сондай-ақ, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-анасынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алған балаларынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінен (қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға және азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жай сатып алуға болмайды.

Жұмыс кестесі демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес күн, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.Толығырақ ақпаратты 2-34-95 телефоны арқылы алуға болады.

Әсем Саттыбаева

Астрахан ауданының

экономика және қаржы бөлімі

Дата публикации
12 апреля 2022
Дата обновления
12 апреля 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
22 октября 2026
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА - ЖОЛ ЖОҚ!
Ақпарат
22 октября 2026
ҚР мәслихаттары депутаттарын сайлаудың негізгі кезеңдері
Ақпарат
22 октября 2026
Мәслихаттар депуттаттарының сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы