Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ашық талқылаулар

Құрметті Астрахан ауданының тұрғындары

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 5-тармағына сәйкес жыл сайын көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерінің ашық талқылаулары өткізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге ашық талқылаулар өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруға бағытталған. Ашық талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.

Аудан әкімінің сайтында «Қызмет» бөлімінің «Ашық талқылаулар» кіші бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсететін ауылдық округ әкімдерінің және дербес бөлімдерінің 2021 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметінің нәтижелері туралы есептер орналастырылатын болады. Аудан тұрғындарына «Пікірлер» терезесінде ұсыныстар мен ескертулер енгізу мүмкіндігі берілді.

Ауданның барлық тұрғындарына ашық талқылауларға белсенді қатысуға өтініш білдіреміз.

Дата публикации
16 марта 2022
Дата обновления
16 марта 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
22 октября 2026
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА - ЖОЛ ЖОҚ!
Ақпарат
22 октября 2026
ҚР мәслихаттары депутаттарын сайлаудың негізгі кезеңдері
Ақпарат
22 октября 2026
Мәслихаттар депуттаттарының сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы