Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 96 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 28 сәуірде № 8448 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ::
- Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
- Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
- Астрахан ауданы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін Үй-жайлар беру туралы" 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 107 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7164 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі Н. Сейілов
"Келісілді"
Астрахан аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы Б. Рахимов
Жоба Ашық НҚА интернет-ресурсында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7273153