Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 28 сәуірде № 8449 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23 бабына сәйкес, Астрахан ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Астрахан ауданының аумағында сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
- Астрахан ауданы әкімінің "сайлау учаскелерін құру туралы" 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7842 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жоба Ашық НҚА интернет-ресурсында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7273273