АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ҚР ОРТСАЙЛАУКОМ ТӨРАҒАСЫ НҰРЛАН МӘЖИТҰЛЫ ӘБДІРОВ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ
11 наурызда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы РКНурланАбдиров өңірдің жұртшылығымен - саяси партиялардың, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, блогерлермен, өңірдің аудандық және қалалық сайлау комитеттерінің мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жергілікті қоғамдастық өкілдерінің елдің сайлау жүйесі мен сайлау заңнамасын жетілдіру жөніндегі мәселелері мен ұсыныстары талқыланды.
Осылайша, кездесуге қатысушылар барлық деңгейдегі әкімдердің тікелей сайлауын өткізуді, сайлаушылардың сайлауға қатысқаны үшін жауапкершілігін, партиялық тізімдегі әйелдер үшін квотаны ұлғайтуды, байқаушыларды тұрақты оқытуды, сайлау процесінің ашықтығы мен айқындығын,азаматтардың, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуына кепілдікті қамтамасыз етуді қолдады.
Бұдан басқа, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында мажоритарлық және аралас сайлау жүйесін енгізу, электрондық дауыс беруді енгізу, Әкімдікке кандидаттарға қатысты жоғары білімнің және мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігіндегі талаптар туралы, сондай-ақ сайлау процесінің басқа да өзекті мәселелері бойынша пікірталас өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша өңір жұртшылығының өкілдері кездесу үшін Ортсайлауком басшылығына ризашылықтарын білдіріп, ел Президентінің "жаңа Қазақстанды"құру жөніндегі бастамаларын қолдайтынын атап өтті.
Өз кезегінде, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров кездесуге қатысушыларға алғысын білдіріп, байқаушылардың ғана емес, сайлау процесіне басқа да қатысушылардың электоралдық мәдениетін арттыру қажеттігін, сондай-ақ Ортсайлауком өзара іс-қимыл үшін ашық екенін және кездесуде айтылған электоралдық процесті жетілдіру жөніндегі барлық ұсыныстарды қарауға дайын екенін атап өтті.