Паспорт қазақстандықтардың қалауымен, кез келген жаста беріледі • Паспорттың жарамдылық мерзімі – 10 жыл • Қызмет құны - 8 АЕК, дайын құжатты үш аптадан кейін алуға болады • Паспортты қосымша ақы төлеу арқылы жедел түрде жасатуға болады Балаға паспортты рәсімдеу кезінде ата-анасының жеке куәлігі, баланың туу туралы куәлігі көрсетіліп (ата-ананың бірінің болуы міндетті), мемлекеттік баж төленуі қажет. Жеңілдік санаты бар азаматтарға мемлекеттік бажды төлеудің қажеті жоқ. Толық ақпаратты eGov.kz порталынан біле аласыздар. Демалысыңыз сәтті өтсін!