Меню

Страницы

Статья

Астрахан ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 2020 жылғы қызметі туралы есебі

1.Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: Астрахан ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есепте ауданның жергілікті атқарушы органдарының, ауылдық округтер мен Каменка ауылы әкімдерінің, мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралы мәліметтер енгізілген.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

- мемлекеттік қызметтер саны: ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 85 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі;

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-37.

- ЭҮП электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-68;

- 85 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 12-сі ақылы негізде көрсетіледі;

- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайтын 85 заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер бекітілді;

2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 5613 құрады: - Мемлекеттік корпорация арқылы - 1444; - электрондық түрде - 2835 (ЭҮП, ақпараттық жүйелер); - көрсетілетін қызметті беруші арқылы-1334 қызмет.

Аудан әкімдігінің, ауылдық округ әкімі аппараттарының ғимаратында 13 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орнатылған. 2020 жылы «Е-gov» бұрыштары арқылы 2149 қызмет және 838 электронды-цифрлық қол алынды.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер, бұлар: Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру, Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу, Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру, Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту, Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою, Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу

2.Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсететін барлық жергілікті атқарушы органдардың (9 жергілікті атқарушы орган, 12 ауылдық округ және 31 білім беру ұйымы) ақпараттық стенділерінде, Астрахан ауданы әкімінің сайтында, аудан әкімінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша орналастырылған.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық талқылаулар туралы ақпарат.

Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары www.gov.kz. сайтында орналастырылады, Негізгі құжаттар бөлімінде – Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері-НҚА жобалары.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында жыл бойы семинар – кеңестер өткізілді, «дөңгелек үстелдер» өткізілді, әкімдік отырыстарында, аппараттық кеңестерде ақпарат тыңдалды. Барлығы 28 іс-шара өткізілді. Аудандық «Маяк» газетінде 11 мақала және Instagram әлеуметтік желісінде 73 мақала жарияланды.

«Адал көмек» жобасы аясында мемлекеттік органдар қызметкерлері аудан әкімінің әлеуметтік желілерінде халыққа қажетті қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфирлер өткізді (Барлығы 40 эфир).

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін автоматтандыру мақсатында Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен бірлесіп пилоттық режимде әлеуметтік қызметтер порталы арқылы әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жоба іске асырылды. Сондай-ақ, 2020 жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мақсатында ҚР 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексіне Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша өзгерістер енгізілді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Жергілікті атқарушы органдар - қызмет көрсетушілер қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді – 119 қызметкер, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер-52, азаматтық қызметшілер-67 қызметкер оқытылды.

Техникалық оқу ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимде Ақмола облысы әкімдігінің ішкі бақылау қызметінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жауапты қызметкерлерін шақырумен өткізілді.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылға арналған жер қатынастары бөлімінде, ауыл шаруашылығы бөлімінде, жұмыспен қамту орталығында бақылау іс-шаралары өткізілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуы бұзушылықтары анықталған жоқ.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.

Астрахан ауданы бойынша рейтинг нәтижесі 8,32% құрады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру мақсатында 2021 жылға арналған халықтың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, 2021 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі жөніндегі бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. Жергілікті атқарушы органдардың алдына келесі міндеттер қойылды:

- «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды танымал ету және ақпараттандыру бойынша іс-шаралар өткізу;

- мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру (қызмет алу үшін жағдай жасау, халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту).

- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау, негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау;

- ресми интернет ресурстар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақытылы хабардар ету;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

2020 жылға арналған жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есепті талқылау жөніндегі ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар аудан әкімінің сайтындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімнің «Ашық талқылаулар» кіші бөлімде немесе astrahan_usl@ aqmola.gov.kz. электрондық мекенжайына қабылданады.       

скачать

Дата публикации
23 февраля 2021
Дата обновления
23 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
22 октября 2026
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА - ЖОЛ ЖОҚ!
Ақпарат
22 октября 2026
ҚР мәслихаттары депутаттарын сайлаудың негізгі кезеңдері
Ақпарат
22 октября 2026
Мәслихаттар депуттаттарының сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы