Меню

Страницы

Статья

2020 жылда мемлекеттік қызмет көрсету саласында Астрахан ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметі туралы есебі

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  2. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
  4. мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
  6. мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңына сәйкес Астрахан ауданының «Құрылыс, сәулет және қала

құрылысы бөлімі»  мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып саналады.

Мемлекеттік мекеме 6 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»

Мемлекеттік қызмет көрсету тегін беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

2020 жылы - 256 анықтама, 3 Мемлекеттік корпорация арқылы, 253 «электрондық үкімет» порталы арқылы.

  1. «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»

Мемлекеттік қызмет көрсету тегін беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электронды (толық автоматтандырылған)

2020 жылы 20 қызмет «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілген.

  1. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу»

Мемлекеттік қызмет көрсету тегін беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электронды (толық автоматтандырылған)

2020 жылы 19 қызмет «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілген.

  1. «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру»

Мемлекеттік қызмет көрсету тегін беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

  1. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған)

2020 жылы өтініштер түскен жоқ
            6.Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру

 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі  туралы ақпарат Астрахан ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не  стендтерінде орналасқан, әлеуметтік желілерде және «Маяк» аудандық газетінде жарияланады. 2020 жылы 6 мақала жарияланды.

Астрахан ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не  мамандары әр үш жыл сайын біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.

2020 жылы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында Астрахан ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не қызмет алушыдан шағымдар түскен жоқ.

Ақпарат байланысы:

Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астраханка ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50-үй , телефон номірі: 8 (71641) 2-27-78, 2-32-51.

Қабылдау демалыс пен мейрам күндерімен басқа жұмыс күндері жүргізіледі, сағат 09.00-ден кешкі 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс.

скачать

 

 

Дата публикации
22 февраля 2021
Дата обновления
22 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
22 октября 2026
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА - ЖОЛ ЖОҚ!
Ақпарат
22 октября 2026
ҚР мәслихаттары депутаттарын сайлаудың негізгі кезеңдері
Ақпарат
22 октября 2026
Мәслихаттар депуттаттарының сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы