Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы «Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

2020 жылғы «Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттікқызметкөрсетусаласындағықызметітуралыесебі

 

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  2. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
  4. мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
  6. мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңына сәйкес «Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып саналады.

 Мемлекеттік мекеме арқылы 24 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

2020 жылы 4 қызмет, оның ішінде 2 мемлекеттік корпорация арқылы, 2 «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілген.

  1. «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

2020 жылы 174 қызмет, оның ішінде 2 «электронды үкімет» порталы арқылы, 172 мемлекеттік орган арқылы көрсетілген.

  1. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны - қағаз түрінде.

2020 жылы Мемлекеттік корпорация арқылы 1 қызмет көрсетілді

  1. «Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етугеқұжаттарды ресімдеу»

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

2020 жылы 16 қызмет , оның ішінде 16 мемлекеттік корпорация арқылы .

  1. «Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

2020 жылы Мемлекеттік корпорация арқылы 63 қызмет көрсетілді

  1. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны- қағаз түрінде.

2020 жылы Мемлекеттік корпорация арқылы 17 қызмет көрсетілді

  1. «Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде/проактивті

2020 жылы өтініштер келіп түскен жоқ.

  1. «Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны- қағаз түрінде.

2020 жылы 7 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген.

  1. «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

2020 жылы 25 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген

  1. «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны- қағаз түрінде.

2020 жылы 18 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген.

  1. «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны- қағаз түрінде.

2020 жылы 7 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген.

  1. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электронды (толық автоматтандырылған)

2020 жылы өтініштер келіп түскен жоқ.

  1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау»

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

2020 жылы 50 қызмет, оның ішінде 1 мемлекеттік корпорация арқылы, 49 «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілген.

  1. «Ақталған адамға куәлік беру»

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны- қағаз түрінде.

2020 жылы 1 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген

  1. «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға ақылы көрсетіледі.

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу үшін - 2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін - 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

2020 жылы 8 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген.

  1. «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға ақылы/тегін көрсетіледі.

1) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.

2) қайтыс болу туралы актіге өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілуіне байланысты куәлікті бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

2020 жылы 336 қызмет, оның ішінде 170 мемлекеттік корпорация арқылы, 159 «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілген, мемлекеттік орган-7.

  1. «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға  ақылы/тегін көрсетіледі.

Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруге байланысты куәліктер берілгені үшін 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар:

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар – тууы туралы куәлiктері тiркелгенi және қайта берілгенi үшін;

2) жеке тұлғалар – азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесін анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актiлер жазбалары қалпына келтірілген және өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн растайтын құжаттар ұсынған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

2020 жылы 1 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген.

  1. «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы/тегін жеке тұлғаларға көрсетіледі.
      Мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:

1) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті бергені үшін – 1 АЕК;

2) Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілері туралы куәлікті бергені үшін – 0,3 АЕК;

3) азаматтық хал актілері туралы куәлікті ТМД елдерінен сұратып алдырғаны үшін – 0,5 АЕК;

4) азаматтық хал актілері туралы куәлікті ТМД елдерін қоспағанда, басқа шет мемлекеттерден сұратып алдырғаны үшін – 1 АЕК.

Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар:

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - тууы туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін;

2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесін анықтау, бала асырап алу туралы актiлер жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн;

3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берiлген куәлiктер алмастырылып берiлгенi үшiн;

4) жеке тұлғалар - бала асырап алу және әкесін анықтауға байланысты туу туралы қайталама куәлік берілгені үшін растайтын құжаттар ұсынған кезде мемлекеттiк баж төлеуденбосатылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

2020 жылы 432 қызмет, оның ішінде 432 мемлекеттік корпорация арқылы.

  1. «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы жеке тұлғаларға көрсетіледі.
Неке қиюды мемлекеттік тіркеу үшін 1 (бір) АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Некені қию туралы акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзетумен және қалпына келтірумен байланысты куәлік беру үшін - 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

2020 жылы 119қызмет, оның ішінде 65 «электронды үкімет» порталы арқылы, 54 мемлекеттік орган арқылы көрсетілген.

  1. «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға ақылы көрсетіледі.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркегені үшін мемлекеттік баж мынадай мөлшерде алынады:

1) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша – 2 АЕК;      

2) сот шешімі негізінде – 1,5 АЕК (ерлі-зайыптылардың бірінен немесе екеуінен де);

3) сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіпппен хабарсыз кеткен немесе жан күйзелісі сырқаты немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардан не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардан – 0,1 АЕК.

Некені бұзу туралы акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

2020 жылы 56 қызмет, оның ішінде 46 мемлекеттік корпорация арқылы, 1 «электронды үкімет» порталы арқылы, 9 мемлекеттік орган арқылы көрсетілген.

  1. «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға ақылы/тегін көрсетіледі.

1) тууды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.

2) туу туралы акт жазбасының өзгертілуіне, толықтырылуына, түзетілуіне және қалпына келтірілуіне байланысты куәлік бергені үшін 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық және қағаз түрінде.

2020 жылы 372 қызмет, оның ішінде 180 мемлекеттік корпорация арқылы, 186 «электронды үкімет» порталы арқылы, 6 мемлекеттік орган арқылы көрсетілген.

  1. «Азаматтық хал актілері жазбаларын жою»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

2020 жылы өтініштер келіп  түскен жоқ

  1. «Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны - қағаз түрінде.

2020 жылы 3 қызмет мемлекеттік орган арқылы көрсетілген.

  1. «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны - қағаз түрінде.

2020 жылы өтініштер келіп түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат "Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің ақпараттық стендінде, әлеуметтік желілерде көпшілікке қолжетімді орындарда орналастырылған, сондай-ақ аудандық "Маяк" газетінде жарияланады.

«Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не  мамандары әр үш жыл сайын біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.

2020 жылы 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан  «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не  шағымдар түскен жоқ.

Байланыс ақпаратты:

Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астраханка ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50-үй, «Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, телефондар нөмірі: 8(71641) 2-20-30, 2-20-93, 2-34-45.

Қабылдау демалыс пен мейрам күндерінен басқа жұмыс күндері жүргізіледі, сағат 09.00-ден кешкі 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс.

скачать

 

Бөлім басшысы                                                                                                С. Аяпбергенова

Дата публикации
22 февраля 2021
Дата обновления
22 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
22 октября 2026
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА - ЖОЛ ЖОҚ!
Ақпарат
22 октября 2026
ҚР мәслихаттары депутаттарын сайлаудың негізгі кезеңдері
Ақпарат
22 октября 2026
Мәслихаттар депуттаттарының сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы