Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы «Астрахан ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

2020 жылғы «Астрахан ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  2. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
  4. мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
  6. мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңына сәйкес «Астрахан ауданының жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып саналады.

Мемлекеттік мекеме 7 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

Мемлекеттік қызмет көрсету тегін беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электронды (толық автоматтандырылған)

2020 жылы  214  мемлекеттік қызметтер - электронды үкімет порталы арқылы көрсетілген.

  1. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»

Мемлекеттік қызмет көрсету тегін беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электронды (толық автоматтандырылған)

2020 жылы 1 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілді

  1. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру»

Мемлекеттік қызмет көрсету тегін беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электронды (толық автоматтандырылған)

2020 жылы 15 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

  1. «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»

Мемлекеттік қызмет көрсету тегін беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде

2020 жылы өтініштер келіп түскен жоқ.

  1. «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру»

Мемлекеттік қызмет көрсету тегін беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электронды (толық автоматтандырылған)

2020 жылы өтініштер келіп түскен жоқ. 

  1. «Жер телімдерін сату туралы шарттарды жасасу»

Мемлекеттік қызмет көрсету тегін беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

2020 жылы өтініштер келіп түскен жоқ.

  1. «Жер телімдерін жалға беру туралы шарттарды жасасу»

Мемлекеттік қызмет көрсету тегін беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

2020 жылы өтініштер келіп түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат "Астрахан ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ-нің ақпараттық стендінде, әлеуметтік желілерде көпшілікке қолжетімді орындарда орналастырылған, сондай-ақ аудандық "Маяк"газетінде жарияланады. 2020 жылы 7 мақала жарияланды. "Астрахан ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мамандары кестеге сәйкес әр үш жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Бөлім мамандары әр үш жыл сайын кестеге сәйкес оқу курстарын өтеді.  2020 жылы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін «Астрахан ауданының жер қатынастар бөлімі» ММ-не қызмет алушыдан шағымдар түспеген.

Ақпарат байланысы:

Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астраханка ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50-үйтелефон нөмірі  8 (71641) 2-38-65.

Қабылдау демалыс пен мейрам күндерімен басқа жұмыс күндері жүргізіледі, сағат 09.00-ден кешкі 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс.

скачать

Дата публикации
22 февраля 2021
Дата обновления
22 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
22 октября 2026
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА - ЖОЛ ЖОҚ!
Ақпарат
22 октября 2026
ҚР мәслихаттары депутаттарын сайлаудың негізгі кезеңдері
Ақпарат
22 октября 2026
Мәслихаттар депуттаттарының сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы