Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы «Астрахан ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

2020 жылғы «Астрахан ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  2. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
  4. мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
  6. мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңына сәйкес «Астрахан ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып саналады.

 Мемлекеттік мекеме 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру»

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және қағаз түрінде.

2020 жылы 104 қызмет мемлекеттік корпорация  арқылы көрсетілді

  1. «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жулдегерлеріне тұрғын үй беру»

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде

2020 жылы өтініш түскен жоқ.

  1. «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау»

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде.

2020 жылы өтініш түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық мәлімет «Астрахан ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ  стендтерінде орналасқан, әлеуметтік желілерде және «Маяк» аудандық газетінде жарияланады. 2020 жылы 3 мақала жарияланды.

«Астрахан ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-не  мамандары әр үш жыл сайын біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.

2020 жылы 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан  «Астрахан ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-не  шағымдар түскен жоқ.

Ақпарат байланысы:

«Астрахан ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 48-үй, телефон нөмірі: 8 (71641) 2-30-49.

Қабылдау демалыс пен мейрам күндерінен басқа жұмыс күндері жүргізіледі, сағат 09.00-ден кешкі 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліс.

скачать

Дата публикации
22 февраля 2021
Дата обновления
22 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
22 октября 2026
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА - ЖОЛ ЖОҚ!
Ақпарат
22 октября 2026
ҚР мәслихаттары депутаттарын сайлаудың негізгі кезеңдері
Ақпарат
22 октября 2026
Мәслихаттар депуттаттарының сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы