сайын «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерін ашық талқылау жүргізіледі.
Ашық талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.
Аудан әкімінің сайтында «Қызмет» бөлімінде «Ашық талқылаулар» кіші бөлімінде ауылдық округтер мен Каменка ауылдары әкімдерінің, мемлекеттік қызметтер көрсететін дербес бөлімдердің 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметінің нәтижелері туралы есептер орналастырылған.
Аудан тұрғындарына «Түсініктеме» терезесінде ұсыныстар мен ескертулер енгізуге мүмкіндік берілді.
Барлық аудан тұрғындарын 2026 жылдың 1 наурызында басталып, 30 наурызға дейін өтетін қоғамдық талқылауларға қатысуларын сұраймыз.