Астрахан ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2025 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі
1.Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:
Астрахан ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебіне ауданның жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтер мен Каменка ауылы әкімдерінің көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтері енгізілген.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды немесе олардың жиынтығын іске асыру нысандарының бірі.
2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны:2356 құрады. Мемлекеттік корпорация арқылы-371; электрондық түрде-1663 (ЭҮП, Ақпараттық жүйелер); көрсетілетін қызметті беруші арқылы - 334 қызмет.
Дәлелді бас тартулар-61, негізсіз бас тартулар жоқ.
Аудан әкімдігінің ғимаратында, ауылдық округтер мен Каменка ауылы әкімдерінің аппараттарында 13 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған.
2025 жылы «Egov» бұрыштары арқылы 5268 мемлекеттік қызмет алынды.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер: еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, жер учаскесін алуға кезекке қою, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсететін барлық жергілікті атқарушы органдарда (6 жергілікті атқарушы орган, 11 ауылдық округ және Каменка ауылы) ақпараттық стендтерде орналастырылған;
Астрахан ауданы әкімінің сайтында
https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmolaastrahan/activities/directions?lang=ru аудан әкімінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында
https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-astrahan?lang=ru
https://instagram.com/gosuslugi_astrakhan?igshid=YmMyMTA2M2Y=
2) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер және басқалар).
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушылардың хабардар болуын арттыру мақсатында жыл бойы семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер» өткізілді, әкімдік отырыстарында, аппараттық кеңестерде, Қоғамдық кеңес отырыстарында ақпарат тыңдалды. Барлығы 18 іс-шара өткізілді.
Аудандық «Маяк» газетінде және Facebook әлеуметтік желісінде 58 қызмет түрі бойынша мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы мақалалар жарияланды.
Ауылдық округтер тұрақты негізде Instagram әлеуметтік желісінде "Egov" бұрыштарының жұмысы туралы ақпарат, ауылдық округтердің мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылды. Барлығы 295 мақала жарияланды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында Денсаулық сақтау, білім беру, қорғаныс, архив, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және спорт саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 8 «тікелей эфир» өткізілді.
«Көрсетілетін қызметті алушы күні» аясында Астрахан, Жалтыр, Новочеркасск, Қызылжар, Николаев, Острогорск, Первомай, Есіл ауылдық округтерінде іс-шаралар өткізілді
11 ауылдық округ пен Каменка ауылында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде насихаттайтын баннерлер орнатылды.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері заңнамаға сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды;
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсетуді талдау бөлімінің басшысы Д.Ғ. Жұмабек жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» - мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге техникалық оқу жүргізілді, 41 қызметкер оқытылды.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
2025 жылға бекітілген жоспар бойынша 5 бақылау іс-шарасы өткізілді: «Сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ, «Экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Николаев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ.
Тексеру нәтижелері бойынша 7 ұсыныс берілді. 7 ұсыныс орындалды.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттануын арттыру мақсатында 2026 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, 2026 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
Жергілікті атқарушы органдардың алдына мынадай міндеттер қойылды: