Астрахан ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің 2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидалары «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мамандарға көтерме жәрдемақы және бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері айқындалды:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау –бюджеттік кредит :
- ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
- ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.
Астрахан аудандық мәслихатының шешімі «2025 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешімі № 8С-32-3 2024 жылғы 31 желтоқсанда қабылданды.
Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру мақсатында Астрахан ауданының әкімдігі мен «Отбасы банк» тұрғын құрылыс жинақ банкі» АҚ
арасында 2025 жылы 14 сәуірдегі сенім білдірілген агентпен бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредит беру бойынша мониторинг жүргізу және жұмыс жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тапсырма шарты жасалды.
Сондай - ақ, 2025 жылы 18 қыркүйекте Ақмола облысының әкімдігі, Астрахан ауданының әкімдігі және Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы арасында үш жақты кредиттік шарт жасалды.
Жоба шеңберінде «Дипломмен ауылға!» 2025 жылы 48 маманға мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
48 маманның жалпы сомасы 18 873,6 мың теңгеге көтерме жәрдемақы алды, оның ішінде білім беру саласының мамандары – 29 адам (60 %), денсаулық сақтау – 8 адам (17%), мәдениет – 2 адам (4 %), АӨК – 4 адам (8 %), спорт – 3 адам (6 %), мемлекеттік қызмет – 2 адам (4 %).
Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредитті 9 адам жалпы сомасы 80 606,0 мың теңгеге алды, оның ішінде 5 адам білім беру, 2 – денсаулық сақтау, 1 – АӨК, 1 – мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істейді.
Бюджеттік кредитке қызмет көрсету бойынша сенім білдірілген агенттің қызметтері 6 425,8 мың теңгені құрады.
2025 жылы келісім шарттарының орындалмауына байланысты, атап айтқанда белгіленген мерзімді өтемегендіктен, 2 адам 738,2 мың теңге сомасында «Жергілікті бюджеттен бұрын алынған пайдаланылмаған қаражатты қайтару» 206107 бюджеттік сыныптама кодына көтерме жәрдемақыны қайтарды. Білім беру саласының 1 маманымен 345 000 көлемінде көтерме жәрдемақыларды қайтару бойынша сотқа дейінгі талқылаулар жүргізілуде. Бюджеттік несиені мерзімінен бұрын өтеуді 8 адам жүргізді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша қарыз алғандардың берешегі 22 жеке тұлға бойынша 354,9 мың теңгені құрады.
Проблемалық қарыз алушылармен жұмыс үнемі жүргізіледі.
2025 жылғы 20 мамырда Астрахан ауданының "экономика және қаржы бөлімі" ММ бас маманы "Дипломмен ауылға"тақырыбында тікелей эфир өткізді. Аудандық "Арна" газетіне 2025 жылдың сәуір және қараша айларында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы түсіндірме сипаттағы ақпараттық мақалалар орналастырылды. Сонымен қатар инстаграмм парақшасында білім саласы маманының қатысуымен бейнеролик орналастырылды(Ссылкаhttps://www.instagram.com/reel/DTJ8ZUhjKCI/?igsh=Y3EwMXh5N3lqZGhk).