Меню

Страницы

Статья

«Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

«Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп.

 

 «Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі заңына сәйкес қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып саналады.

2025 жылдың 1 шілдеге дейін «Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 18 мемлекеттік қызмет көрсетті. 2025 жалғы шілдеден бастап 1 мемлекеттік қызмет қосылды. 2025 жылғы қорытындысы бойынша, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі көрсеткен мемлекеттік қызметтер жалпы саны 19, оның ішінде:

«Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту»;

«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;

 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;

«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;

«Ақталған адамға куәлік беру»;

«Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

«Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

«Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

«Мүгедектігі бар адмдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

 «Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;

            «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»;

«Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу»;

«Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен мүлікке билік ету, зейнетақырларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша шешім беру»;

«Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған кәмелетке толған адамның мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру»;

«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды автокөлікпен тасымалдау».

Барлық мемлекеттiк қызметтер тегiн көрсетiледі.

19 мемлекеттік қызметтен:

  • 4 мемлекеттік қызмет мемлекеттік органың электрондық жүйелер арқылы көрсетіледі;
  • 8 мемлекеттік қызмет электрондық (iшiнара автоматтандырылған) көрсетіледі;
  • 7 мемлекеттік қызмет электрондық (iшiнара автоматтандырылған)/ проактивті, яғни көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетіледі.

Ең сұранысқа ие мемлекеттiк қызметтер:

  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау, 2025 жылы - 359 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
  • Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту, 2025 жылы - 193 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
  • Мүгедектігі бар адамдарды техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу, 2025 жылы - 147 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Жалпы 2025 жылы 929 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 235 қызмет;
  • «электрондық үкімет» порталы арқылы – 324 қызмет;
  • мемлекеттік мекеме – 1;
  • электронды түрде, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 369 қызмет.

2025 жылы негізделген бас тартулар – 55, негізсіз бас тартулар жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қоғамдық орындарда орналастырылған ақпараттық стендтерінде, әлеуметтік желілерде, сондай-ақ аудандық «Маяк» газетінде жарияланады. 

Бөлім мамандары мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізеді, есепті кезеңде:

  • 11 - әлеуметтік желілердегі жарияланымдар;
  • 2 - баспа басылымдарында мақалалар жарияланды;
  • 2 - тікелей эфирлер
  • 1 - дөңгелек үстел өткізілді;

«Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандары тиісті Заңдарды, ережелерді, мемлекеттік қызмет стандарттарын зерделеу арқылы өздерінің білім деңгейлерін арттырады, кестеге сәйкес әр үш жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

2025 жылы, мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру мақсатында, «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Астрахан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-17-2 шешіміне өзгерістер енгізілді.

2025 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша қызметті алушылардаң шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау тұрақты негізде жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақытылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда.

Байланыс ақпараты:

Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50-үй, «Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, телефон нөмірлер: 8(71641) 2-25-34, 2-20-93, 2-34-45.

Қабылдау демалыс пен мереке күндерінен басқа жұмыс күндері жүргізіледі, сағат 09.00-ден кешкі 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс.

Дата публикации
13 февраля 2026
Дата обновления
24 февраля 2026
Тип

Сейчас читают

Хабарлама
22 октября 2026
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА - ЖОЛ ЖОҚ!
Ақпарат
22 октября 2026
ҚР мәслихаттары депутаттарын сайлаудың негізгі кезеңдері
Ақпарат
22 октября 2026
Мәслихаттар депуттаттарының сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы