Меню

Страницы

Статья

«Астрахан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ 2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есебі

«Астрахан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары

және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ 2025 жылға

мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есебі

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

1) көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты  жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кем сітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

2) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу қағидаттарына негізделеді;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік және ашықтық қағидаттарына негізделеді;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

5) мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;

6) мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік қағидаттарына негізделеді.

«Астрахан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік мекеме 10 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны-электрондық (толық автоматтандырылған).

2025 жылы өтініштер түскен жоқ.

  1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған).

2025 жылы (24 мамырға дейін) 11 қызмет көрсетілді, оның ішінде бәрі «электрондық үкімет» порталы арқылы.

  1. «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерге күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған).

2025 жылы 36 қызмет көрсетілді «электрондық үкімет» порталы арқылы.

  1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған).

2025 жылы 10 қызмет көрсетілді.

  1. «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

2025 жылы өтініштер түскен жоқ.

  1. «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған)

2025 жылы өтініштер түскен жоқ.

  1. «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).

2025 жылы 1 қызмет көрсетілді.

  1. «Ағаштарды кесуге рұқсат беру»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған).

2025 жылы өтініштер түскен жоқ.

  1. «Тұрғын үй сертификаттарын беру»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

2025 жылы өтініштер түскен жоқ.

  1. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды автокөлікпен тасымалдау (инватакси)»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған).

2025 жылы өтініштер түскен жоқ.

 

    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Астрахан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің ақпараттық стендінде, әлеуметтік желілерде көпшілікке қолжетімді орындарда орналастырылған, сондай-ақ аудандық «Маяк» газетінде жарияланады. 2025 жылы 1 тікелей эфир өткізілді, әлеуметтік желілерде 40 жарияланымдар.

«Астрахан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ мамандары кестеге сәйкес әр үш жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Есепті кезеңде қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Байланыс ақпараты:

Мекенжайы: Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50, №№ 18, 19 кабинеттер.

«Астрахан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ, телефон нөмірлері: 8 (71641) 23648, 23037.

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Дата публикации
13 февраля 2026
Дата обновления
24 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
22 октября 2026
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА - ЖОЛ ЖОҚ!
Ақпарат
22 октября 2026
ҚР мәслихаттары депутаттарын сайлаудың негізгі кезеңдері
Ақпарат
22 октября 2026
Мәслихаттар депуттаттарының сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы