2025 жылға арналған «Астрахан ауданы Каменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есебі
«Астрахан ауданы Каменка ауылы әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының Заңнамасына, атап айтқанда 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Аталған заңға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішсіз жүзеге асырылатын, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, сондай-ақ тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді ұсынуға бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды немесе олардың жиынтығын іске асыру нысаны болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидаттары
Мекемеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер келесі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
• көрсетілетін қызметті алушылардың шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық немесе мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, нанымы, тұрғылықты жері немесе өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қолжетімділігі;
• мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бюрократия мен созбалаңдыққа жол бермеу;
• қызмет көрсету процестерінің есептілігі мен ашықтығы;
• көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
• қызмет көрсету процесін тұрақты түрде жетілдіру;
• мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үнемділігі мен тиімділігі.
Барлық мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда №21366 болып тіркелген жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидалары негізінде көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі
«Сервистік әкімдік» жұмысы
Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында ауыл әкімдігінде кең ауқымды қызметтерді бір кеңістікте ұсынатын «Сервистік әкімдік» ұйымдастырылған.
Азаматтардың ыңғайлылығы үшін келесі жағдайлар жасалған:
• өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы;
• ауызсуға арналған диспенсер;
• заманауи техникамен және ақпараттық стендтермен жабдықталған жайлы күту аймақтары;
• балалардың қауіпсіз әрі тиімді уақыт өткізуіне арналған балалар бұрышы;
• мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жағдайлар.
«Сервистік әкімдіктің» жұмыс істеуі келесі мүмкіндіктерді береді:
2025 жылы өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы мен Egov.kz платформасы арқылы 326 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
• ЭЦҚ-ны қашықтан алу – 73 қызмет
• Тұрғылықты жері бойынша тіркеу – 11 қызмет
• Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу – 1 қызмет
• Медициналық ұйымға тіркелу – 14 қызмет
• Мобильді азаматтар базасында тіркелу – 3 қызмет
• Адамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны туралы мәліметтер – 3 қызмет
• Мұрағаттық анықтама алуға электрондық өтініш беру – 1 қызмет
• Декларация тапсыру – 35 қызмет
• Соттылықтың бар-жоғы туралы анықтама – 20 қызмет
• Психикалық денсаулық орталықтарынан («Наркология», «Психиатрия») мәліметтер беру – 34 қызмет
• Фтизиопульмонология орталығынан «Фтизиатрия» мәліметтерін беру – 7 қызмет
• ЛИР – 35 қызмет
• Электрондық өтініш беру – 1 қызмет
2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 334 қызмет.
Халықты ақпараттық қамтамасыз ету
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар
2026 жылға арналған жұмыс жоспары
Мекеменің негізгі мақсаты – цифрлық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру және процестердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.
2025 жылға арналған есеп аудан әкімінің ресми сайтында орналастырылады, 2026 жылдың ақпан–наурыз айларында есепті жария талқылау өткізу жоспарлануда.
Байланыс ақпарат: «Астрахан ауданы Каменка ауылы әкімінің аппараты» ММ, Ақмола облысы Астрахан ауданы Каменка ауылы, Желтоқсан көшесі,10 телефон нөмірлері: 8-716-41-25-135, 8-716-41-25-615
Қабылдау жұмыс күндерде көрсетіледі демалыс пен мейрам күндерден басқа, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс.