Меню

Страницы

Статья

Астрахан ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы қызметі туралы есеп

 

Астрахан ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы қызметі туралы  есеп

«Астрахан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету Астрахан ауылдық округі әкімі аппаратының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша ақпарат Астрахан ауданы әкімінің ресми сайтында орналастырылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ережелері ауылдық округтің «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілерінде мерзімді жарияланып тұрады. Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат «Астрахан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің стендінде орналастырылған, сондай-ақ 2-26-98 телефоны бойынша кеңес алуға болады.

 

            Мемлекеттік мекеме мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:        

  1. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар негізінде көрсетіледі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  2023 жылғы 19 маусымдағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 маусымда № 32866 болып тіркелді.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 

2025 жылы 184 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық. 

  1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

"Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қағидалар негізінде әзірленген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде көрсетіледі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  2023 жылғы 19 маусымдағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 маусымда № 32866 болып тіркелді.

2025 жылы 2 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық. 

  1. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі

 

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары негізінде көрсетіледі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  2023 жылғы 19 маусымдағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 маусымда № 32866 болып тіркелді

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 

2025 жылы 4 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны-электрондық. 

  1. 4. "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату "мемлекеттік көрсетілетін қызметі

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік көрсетілетін қызметі жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалардың негізінде көрсетіледі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  2023 жылғы 19 маусымдағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 маусымда № 32866 болып тіркелді.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 

2025 жылы 1 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

  1. 5. "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметі

 

"Жер учаскесін алу  үшін кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметі жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар негізінде көрсетіледі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  2023 жылғы 19 маусымдағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 маусымда № 32866 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 

2025 жылы 131 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде.

  1. "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі

 

"Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар негізінде көрсетіледі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  2023 жылғы 19 маусымдағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 маусымда № 32866 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 

2025 жылы 3 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

 

 

Астрахан ауылдық округінде бұрыш жұмыс істейді "egov.kz" - ауылдық округ тұрғындарының электрондық қызметтерді алуға қолжетімділігі үшін өзіне-өзі қызмет көрсету пункті. Ауылдық округ тұрғындары өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы "egov.kz" жыл басынан бері 306 қызмет көрсетілді.

            Тұрақты негізде жауапты қызметкерлер мен мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізіледі. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар болған жоқ. Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ (Қосымша):

  Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

    мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

 

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағымдар мәні

Орган

(ұйым),

қараушы

шағым және (немесе)

қабылдаған

шешім

Қарастыру күні

Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған

шешім

Қайта қарау

қабылданған

шешімдер туралы мәліметтер

0

0

0

0

0

0

0

            Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының жобаларын жария талқылаулардың негізінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесін жеңілдетуге, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін, алушылар ұсынатын құжаттар тізбесін қысқартуға бағытталған шараларды қабылдау. Мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуге бағытталған тиісті, оның ішінде ұйымдастыру сипатындағы шараларды қабылдау.

             

Байланыс ақпараты:

Ы.Алытнсарин көшесі 65/3, Ақмола облысы Астрахан ауданы Астраханка ауылы, "Астрахан ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, телефон нөмірі 22698

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

 

Дата публикации
11 февраля 2026
Дата обновления
11 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
22 октября 2026
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА - ЖОЛ ЖОҚ!
Ақпарат
22 октября 2026
ҚР мәслихаттары депутаттарын сайлаудың негізгі кезеңдері
Ақпарат
22 октября 2026
Мәслихаттар депуттаттарының сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы