Меню

Страницы

Статья

Астрахан ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің 2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

Астрахан ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің 2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

 

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидалары «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мамандарға көтерме жәрдемақы және бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібін айқындайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы №72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері айқындалды:

1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау –бюджеттік кредит :

- ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

 - ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.

Астрахан аудандық мәслихатының шешімі  «2025 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешімі  № 8С-17-3  2023 жылғы 28 желтоқсанда қабылданды.

Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру мақсатында Астрахан ауданының әкімдігі мен «Отбасы банк» тұрғын құрылыс жинақ банкі» АҚ

арасында 2024 жылы 26 маусымда сенім білдірілген агентпен бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредит беру бойынша мониторинг жүргізу және жұмыс жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тапсырма шарты жасалды.

Сондай - ақ, 2024 жылы 21 мамырда Ақмола облысының әкімдігі, Астрахан ауданының әкімдігі және Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы арасында үш жақты кредиттік шарт жасалды.

Жоба шеңберінде «Дипломмен ауылға!» 2024 жылы 23 маманға мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

20 маман жалпы сомасы 7384,0 мың теңгеге көтерме жәрдемақы алды, оның ішінде білім беру саласының мамандары – 17 адам (85%), денсаулық сақтау – 3 адам (15%).

Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредитті 3  маман жалпы сомасы 27 690,0 мың теңгеге алды, оның ішінде 3 адам білім беру жұмыс істейді.

2024 жылы келісім шарттарының орындалмауына байланысты, атап айтқанда белгіленген мерзімді өтемегендіктен, 2 адам 612,6 мың теңге сомасында «Жергілікті бюджеттен бұрын алынған пайдаланылмаған қаражатты қайтару» 206107 бюджеттік сыныптама кодына көтерме жәрдемақыны қайтарды. Бюджеттік несиені мерзімінен бұрын өтеуді 10 адам 17 527,7 мың теңге соммасына жүргізді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша қарыз алғандардың берешегі  6 жеке тұлға бойынша 533,8 мың теңгені құрады.

 Проблемалық қарыз алушылармен жұмыс үнемі жүргізіледі.

 

Дата публикации
25 февраля 2025
Дата обновления
25 февраля 2025
Тип
Есеп

Сейчас читают

Хабарлама
22 октября 2026
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА - ЖОЛ ЖОҚ!
Ақпарат
22 октября 2026
ҚР мәслихаттары депутаттарын сайлаудың негізгі кезеңдері
Ақпарат
22 октября 2026
Мәслихаттар депуттаттарының сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы